18.11.2024
  1444


Автор: Жібек Ысқақова

Уақыт артқа жылжымас,
Қанша күшпен тартсаң да.
Алтын беріп жүздеген,
Батырмасын бассаң да!


***

Қайран уақыт бір орында тұрмайды,
Күштесең де артқа басын бұрмайды.

***

Алға жүру уақыттың,
Заңдылығы өзгермес.
Күшпен қинап тартсаң да,
Артқа қарай тербелмес!

***

Уақыт қымбат адамға,
Мына қиын заманда.
Денсаулық пен амандық,
Бақыт қымбат адамға.
Сыйластық пен ынтымақ,
Достық қымбат адамға.
Күле алатын шынайы,
Шаттық қымбат адамға...!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу