Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  132


Автор: Түрік поэзиясы

Жалғыздық

І
Қалдым деп ойлайсың жалғыз,
Білемін.
Тастап кеткен сені жалғыз,
Білемін.
Айтары жоқ.
ІІ
Айтары бар:
Жалғыздық –
Əуеннің де сені тыңдағаны.
Жалғыздық –
Пенденің өзіне өзі хат жазғаны.
Жəне қайта айналып кеп соны өзінің оқығаны.
Міне, жалғыздықтың айтары.
ҮЙ
Мұнда кеп ең, сағынасың өткенді,
Тек сол жақта қарсы алғандай көктемді,
Мұннан кетсең, бұл жақты да сағынып
Отырарсың тағы да естен жаңылып




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу