Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  222


Автор: ЕРЗУРУМЛЫ ЕМРАХ

Жан қалқам, сен де мендей сүйесің бе?

Жан қалқам, сен де мендей сүйесің бе?
Махаббаттың отына күйесің бе?
Маған мəңгі жар болып қаласың ба?
Көңілімде жұлдыз боп жанасың ба?
Сүймесең, көңіл шіркін жараса ма?
Сезімім куə болсын тамашаға,
Ғашықтық сырын шерткін оңашада,
Сусасам, шөл қандырған көлім болғын.
Маржандай меңдерің бар тамағыңда,
Сұлудың сұлуы ғой жамалың да.
Сабырдан енді айырылып қаламын ба?
Сезімді ұйықтап жатқан оятасың.
Емрах аспандағы алған ба айды?
Лəйлім деп жыр шығардым қалқам жайлы.
Сені сүйдім мəңгілік ғашығым деп,
Өзің біл, өзің аңдап қалған жайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу