Ақылды туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 59
Өлеңдер: 15
Нақыл сөздер: 32
Туындылар: 2
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 2

Қара сөздер: 15 қара сөз
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық..
©  Абай Құнанбаев
Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады.
©  Бауыржан Момышұлы
Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.
©  Бауыржан Момышұлы
Мен ақымақ болып елді түзетпек едім, ақылды болып өзімді түзетуге кірістім.
©  Лев Толстой
Аса ақылдылар мен аса ақымақтар ғана өзгермейді.
©  Конфуций
Жүзігі алтын болғанмен,жүзі жарқын емес .
Ақымақпен жараспа,
Ақылдыдан адаспа.
Алған қатын ақылды, ізгі болса,
Ол еріне жан болар.
Ақымақ, жауыз болса,
Құр жұмысқа жар болар.
Ақылдыға сөз ерер,
Ақылсызға бөз ерер.
Ақылдымен отыру — ақымаққа жаза,
Ақымақпен отыру — ақылдыға тозақтан жаман қаза.
Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,
Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.
Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.
Ақылды кісінің ісі де ақылды,
Біліксіз кісінің «біліксіз» деген аты да былғаныш.
Ақылды қанша қараңғы болса да, алысты көреді,
Ақымақ ақыр заман болса да, мәз боп жүреді.
Ақылды қомағай астына қарар,
Ақылсыз қомағай үстіне қарар.
Ақылды ой ойлағанша,
Тентек ісін бітірер.
Ақылды үшін дүние толған тікенек,
Бассаң, кірер аяғыңа, байқа тек!
Ақылдыны іздегеннің өзі — нағыз ақылды,
Білімдіні іздегеннің өзі — нағыз білімді.
Ақылды істі асығып ойланбайды,
Ішегің көп жүгірсең майланбайды.
Ақылдыға айтса, біледі,
Ақымаққа айтса, күледі.
Ақылдыға жақындас,
Ақылсыздан өз басыңды алып қаш.
Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа тоқпақ.
Ақылдыға сөз айтсаң,
Толыса түсер ақылы.
Ақылсызға сөз айтсаң,
Сол күйі қалар ақыры.
Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың,
Ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың.
Ақылды көрші — төрің.
Ақымақ көрші — көрің.