Басшы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 12
Өлеңдер: 28
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 13
Құттықтау, тілектер: 5
Әңгімелер: 2
Эсселер: 2

Басшы – ұрысқақ,Хатшы – тырысқақ.
©  Ермахан Шайхыұлы
Сұрамаған басшығаПара бермейді.Пара бермеген соң,Бара бермейді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әр басшының тұсында бір арызқой.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жаңбыр жаумаса жер жетім Басшы болмаса ел жетімҰқпасқа айтқан сөз жетім
©  Көпеев Нұрдәулет
Адам екі басшыны күте алмайды.
«Қолы таза» басшы қорықпай басқарады,«Арты былық» басшы «көлеңкесінен де» жасқанады.
©   Аймұханбет Бейсембеков
Бек тілесе,
Бәрін де тегін алады.
Бек тәтті өмірді сүйсе,
Елдің күні қараңғы.
Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың,
Ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың.
Керуенге – қосшы,
Қарақшыға – басшы.
Көреген басшы елді өсіреді;
Күшті майдан ерді өсіреді.
Басшысы бастай білсе,
Он кісі жүзді жеңеді.