Ерлік туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Ерлік" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ерлік" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ерлік" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ерлік" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 57
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 43
Нақыл сөздер: 59
Туындылар: 1
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 2
Поэмалар: 2
Аңыздар: 5
Эсселер: 5

Тисе терекке,
Тимесе бұтаққа.
Уайым - ердің қорғаны.
Ылдыйсыз өр болмайды,
Қапысын таппас ер болмайды.
Батыр мың қол бастайды.
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Түзде жүріп,
Жау жайратқан батырмын,
Үйге келіп,
Құрт қайнатқан батырмын.
Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.
Ер басына күн туса,
Долданар да тасынар,
Жауын жеңсе жарқырап,
Жауған күндей ашылар.
Ер азамат белгісі -
Түзде мырза, үйде құл.
Алыспақ бар, атыспақ жоқ.
Еңбек те ептілікті тілейді,
Ерлік те ептілікті тіледі.
Жалынған қорған емес,
Жағалаған қорған.
Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
Кебенек киген келеді,
Кебін киген келмейді.
Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы ердің көңілін сақта.
Қауғадан шошынған мал оңбас,
Жаудан шошынған ер оңбас.
Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.
Таспа, тасыған су да қайтар.
Жүректе қаһар жалындаса,
Бойда қайрат арындар.
Ерлік - ел есінде.
Ұланы бар елдің ұраны бар.
Ерлік білектен емес, жүректен.
Қабырғалы қара нар,
Қабырғасын сөксе бақ етпес.
Сарымай сасымас,
Батыр саспас.
Ер өлсе де, аты өлмейді.
Ер аруағы - қаруы.