Қорқақтық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 10
Өлеңдер: 1
Нақыл сөздер: 10
Әңгімелер: 1

Қоян өзінің қиынан да қорқады.
Қорқақ өз көлеңкесінен де қашады.
Қорыққанға қойдың басы да қос көрінер.
Қауғадан шошынған мал оңбас,
Жаудан шошынған ер оңбас.
Қасқырдан қорыққан
Тоғайға бармас.
Оқтаулы мылтық
Бір кісіні қорқытар.
Оқтаусыз мылтық,
Мың кісіні қорқытар.
Өлі бөріні ит аттамас.
Сасқан үйрек артымен сүңгір.
Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.
Сойылды соға білмеген, өзіне тигізеді.