Қару туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 10
Өлеңдер: 7
Нақыл сөздер: 14
Анекдот, әзілдер: 1

Батырлардың мықтысы қарушы болады,
Жігіттердің сұлуы бауыршы болады.
Қылыш үстінде серт жүрмейді.
Бөріге барсаң,
Арыстанның қаруын ал.
Қару күшті емес,
Қару ұстаған күшті.
Тайсалу ердің ісі емес,
Жұмсай білгенге қару кіші емес.
Жауға жарақсыз барма,
Қаруыңды күтпей қапы қалма.
Қаруың қалпында болса,
Қапыда қалмайсың.
Ер аруағы - қаруы.
Қарудеме қылышты,
Шапқанда сүйек қаппаса.
Ақылды деме — туысты,
Сасқанда ақыл таппаса.
Оқсыз мылтық – таяқ.