Адам туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Адам" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Адам" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Адам" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Адам" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 547
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 480
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 750
Туындылар: 6
Әңгімелер: 56
Ертегілер: 7
Поэмалар: 4
Шығармалар: 9
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 6
Барлық адамның жүрегінде жомарттарға деген махаббат, сараңдарға деген жиіркеніш сезімі болады.
© Яхия бин Муаз Рази
Адамдармен жақсы мәміле ету ақылдың жартысы. Сұрақты дұрыс сұрау ғылымның жартысы.
© Ариф Ривагари
Вашингтон, Колумбия округі - бұл өздерін маңызды деп санайтын адамдарға толы қала.
© Дэвид Бринклин
Табысты адам - өзіне лақтырылған кірпіштерден, мықты іргетас қалай алатын адам.
© Дэвид Бринклин
Өмір - дәптер, адам - қарындаш. Сол дәптерді шимай-шытпаққа емес, мағына мен мәнге, талап пен нәрге толтырайық!
© Әкім Ысқақ
Сөз кейде қылыштан өткір, кесіп түседі. Сөз кейде мақтадан жұмсақ, жаныңа жылы тиеді. Сиқырлы сөзге иланып қаласың. Суық сөз естіп қиналып..
© Әкім Ысқақ
Кейде асыл дегенің жасық, күн дегенің көлеңке, қуаныш дегенің қайғы... болып шығады.
© Әкім Ысқақ
Мақтанба
Күштімін деп мақтанба!Құздан бір күн құларсың.Құр бекерге шаттанба!Көп күлсең бір жыларсың.
© Әкім Ысқақ
Бәріне жауапты өзің! Атқарған ісіңе де, жете алмаған мақсатыңа да... Өзгеге емес, тек қана өзіңе сен...
© Әкім Ысқақ
Адам тағдыры-үйренумен, үлгі алумен, қорытынды шығарумен шешіледі. Адам да гүл тәрізді. Шуақтық, жылылық, нәзіктік құлпырта түседі. Суықтық..
© Әкім Ысқақ
Кейде ауыр жол адамды шынықтыратын да шығар, шынықтырамын деп, сынық қылатын да кез болады.
© Әкім Ысқақ
Дұрыс сөйлем құру үшін қатесіз сөз бен көркемдік қажет. Ал дұрыс өмір сүру үшін де қатесіз шешім мен мағыналы, мәнді мақсат қажет.
© Әкім Ысқақ
Тыныштықты іздей берудің қажеті жоқ. Оның соңы мүлгу мен қалғуға алып баруы мүмкін.
© Әкім Ысқақ
Ең қайырлы кісі бала-шағасына және әйеліне көп пайдасын тигізетін адам.
© Абдул-Қадір Гилани
Артқа қарамаңыз, үнемі алға ұмтылыңыз. Сізге шынымен қажет адамдар сізді қуып жетеді.