Құттықтау туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Құттықтау" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Құттықтау" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Құттықтау" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Құттықтау" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 2
Тақпақтар: 77
Өлеңдер: 85
Құттықтау, тілектер: 43
Әңгімелер: 4
Анекдот, әзілдер: 1
Атаның туған күнінде
Әр күніңіз қуантып, Бар бақытын арнасын. Атаның туған күнінде, Жақсылық тапсын жалғасын.
© Жібек Ысқақова
Аташым мәңгі жасасын!
Шаттығыңыз ортаймай, Жүз жасаңыз аташым. Отбасының тірегі, Аташым мәңгі жасасын!
© Жібек Ысқақова
Атама тілек, туған күніңізбен, ата!
Бүгін туған күніңіз, Құтты болсын аташым. Алла жар боп жасыңыз, Жүзге толсын аташым.
© Жібек Ысқақова
Атама туған күнге тілек
Бүгін шаттық, бүгін нұр, Жеке меншік туған күн. Құтты болсын аташым, Бүгінгі бұл думан күн.
© Жібек Ысқақова
Туған күніңмен аташым!
Туған күніңмен аташым, Құтты болсын мерекең. Деніңіз сау, аман боп, Арта берсін берекең.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жылға ұстазға тілек!
Шаттықта күліп жүріңіз, Жаны жайсаң ұстазым. Жаңа жылмен жадырап, Жайнаңыз сіз ұстазым.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын ұстазым!
Мейірімді ұстазым, Құтты болсын жаңа жыл. Табысты болсын жылыңыз, Тербеп жанды ән мен жыр.
© Жібек Ысқақова
Ұстазым жаңа жылыңызбен құттықтаймын!
Жүзі жылы баурайтын, Ұстазым менің жақсы адам. Жаңа жылдың әр күні, Қуандырсын басқадан.
© Жібек Ысқақова
Ұстазға тілек
Құтты болсын жаңа жыл, Жаны жаздай ұстазым. Жаңа жылда бақытқа, Кенеліңіз ұстазым.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жыл, ұстазға тілек
Жаңа жылыңызбен, Құттықтаймын ұстазым. Сізбен бірге шаттықта, Өтіп жатыр қыс, жазым.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жылыңыз құтты болсын ұстазым!
Жаны таза ұстазым дара тұлғаң, Мейірімді есесің қанатыңнан. Шәкірт үшін жақсыны аямайсың, Ұстаздарым шәкірт үшін жаратылған. Ұстаздарым құтты болсын..
© Жібек Ысқақова
Жаңа жылға ұстазыма тілек
Жаңа жылдың ашылды ақ есігі, Құтты болсын сабақ берер ұстазым. Биылғы жыл бақ-береке әкеліп, Деніңіз сау, мықты болсын ұстазым. Жаңа жылдың сезініңіз..
© Жібек Ысқақова
Ұстазым жаңа жылыңызбен!
Білім нәрін беретін бізге ұстазым, Құтты болсын жаңа жылың кеп жеткен. Бұл жаңа жыл табысты боп қуантсын, Көңліңізді әсем әуен тербеткен. Жаңа жылда..
© Жібек Ысқақова
Көке туған күніңізбен!
Құтты болсын бүгінгі, Көке туған күніңіз. Деніңіз сау боп көке, Аман-есен жүріңіз.
© Жібек Ысқақова
Асыл анашым, туған күніңізбен!
Өмірге мені әкелген, Анашым туған күніңмен. Құттықтаймын мен сізді, Шын жүректен жырыммен.
© Жібек Ысқақова
Туған күніңізбен, Анашым!
Туған күніңізбен, Анашым, Саулық сізге тілеймін. Жаратқан ием жар болып, Амандықта жүр деймін!
© Жібек Ысқақова
Анашым туған күніңмен!
Анашым менің асылым, Құтты болсын мерекең. Жаңа жасың қуантып, Арта берсін берекең.
© Жібек Ысқақова
Туған күніңіз құтты болсын, әке!
Жеке меншік мерекең, Құтты болсын әкетай. Арта берсін берекең, Амандық боп әкетай!
© Жібек Ысқақова
Әкешім, туған күніңізбен құттықтаймын!
Әкетай туған күніңмен, Бар жақсыны тілеймін. Әр күніңіз қуантып, Тек күлімдеп жүр деймін.
© Жібек Ысқақова
Әкеме тілек
Туған күніңізбен әкешім, Құттықтаймын сізді мен. Саулығыңыз мықты боп, Жетіңіз жасқа жүз деген.
© Жібек Ысқақова
Апа, туған күніңізбен!
Апа туған күніңмен, Құттықтаймын мен сізді. Қуаныш, шаттық тілеймін, Шын жүректен мен ізгі.
© Жібек Ысқақова
Апа туған күніңіз құтты болсын!
Саулығыңыз мықты боп, Жүз жасаңыз апа сіз. Қуантсын деп жаңа жас, Тілейміз сізге апа біз.
© Жібек Ысқақова
Апаға тілек
Жеке меншік мерекең, Құтты болсын апажан. Жаңа жасың қуантып, Арта берсін берекең.
© Жібек Ысқақова
Әжетай туған күніңіз құтты болсын
Әрбір күннен бақ тауып, Шаттаныңыз әжетай. Жастан жасқа жетіп сіз, Жүз жасаңыз әжетай.
© Жібек Ысқақова
Туған күніңіз құтты болсын, әже!
Бүгін туған күніңіз, Құтты болсын ақ әжем. Күлімдеп ақ жүзіңіз, Жүз жасаңыз ақ әжем.
© Жібек Ысқақова