Әжеме туған күнге тақпақ туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 5

Әжетай туған күніңіз құтты болсын
Әрбір күннен бақ тауып, Шаттаныңыз әжетай. Жастан жасқа жетіп сіз, Жүз жасаңыз әжетай.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңіз құтты болсын, әже!
Бүгін туған күніңіз, Құтты болсын ақ әжем. Күлімдеп ақ жүзіңіз, Жүз жасаңыз ақ әжем.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңізбен, әжетай!
Арайлы таң сыйласын, Әжетай бар жақсысын. Жаңа жасың сыйласын, Жаңа күннің тәттісін.
©  Жібек Ысқақова
Әжетай туған күніңмен!
Құтты болсын әжетай, Бүгінгі туған күніңіз. Алла өзі жар болып, Амандықта жүріңіз.
©  Жібек Ысқақова
Әжеге тілек
Әжетай туған күніңмен, Бар жақсыны тілеймін. Амандықта, саулықта, Ортамызда жүр деймін.
©  Жібек Ысқақова