Әже туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 3
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 57
Өлеңдер: 103
Жаңылтпаштар: 10
Нақыл сөздер: 1
Құттықтау, тілектер: 28
Әңгімелер: 28
Ертегілер: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 6
Аңыздар: 1
Эсселер: 3

Әже
Ұл-қызыңа ергенНемерең – бiз, әже.Немереңнен өргенШөберең – бiз, әже.Үйреткен сөз мәнiн Тiлiмiзсiң, әже.Жарқыраған дәйiмКүнiмiзсiң, әже.Шуағында..
©  Сұлтан Қалиұлы
Еркелетер әжемсің
Еркелетер әжемсің, Бар жақсыны беретін. Әжетайым, асылым, Бізді жақсы көретін.
©  8 наурыз
Әжетай менің
Ертегі айтып беретін, Әжетайым, асылым. Ойлап жүрер біздерді, Уайымдап ол жасырын.
©  8 наурыз
Рахмет әже, әжетай
Рахмет әже, әжетай, Ертегі айтып бересіз. Алғысым көп әжетай, Көңілге гүл себесіз.
©  Алғыс айту күні
ӘЖЕ
Балалардың панасы,Әкемнің де анасы.Әже деген әлемде,Даналардың данасы.
©  Жәди Шәкенұлы
Әжем
Әжем менің сұлу ғой,Күн сияқты күлім ғой,Шана тепсек бәріміз,Шырқалады әніміз.Әже, әже, қандайсыз,Ай сияқты таңдайсыз,Әжеме Ай да жетпейді,Бәрінен..
©  Баян Тіленшина
Әжетайым ақылды...
Әжетайым ақылды,Танисың ба ақынды?Өте жақсы оқимын,Әріптерді тоқимын.Ойнайық та ойлайық,Туған күнді тойлайық!
©  Баян Тіленшина
Абыройлы жан ізгі
Сізді жақсы көреміз, Маржан сөзді тереміз. Сізді тыңдап әжетай, Соңыңыздан ереміз. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Аузында дана сөзі бар
Аузында дана сөзі бар, Барша адамды баурайтын. Әжетайым осындай, Үзілген жіпті жалғайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жаратқаным жар болып
Әжетайым жүрші аман, Жаратқаным жар болып. Жүріңізші саулықта, Қасымызда бар болып... Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ойлап жүрер біздерді
Ойлап жүрер біздерді, Амандықта болсын деп. Әжетайым болшы аман, Әр уақытта күлімдеп. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жүзі жылы жан ізгі
Жүзі жылы жан ізгі, Жүрегінде мейрім бар. Әжетайым асылым, Қасымыздан табылар. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжетайым ардағым
Әжетайым ардағым, Бізді ойлап жүретін. Орныменен, жөнімен, Риясыз боп күлетін. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжем менің асылым
Әжем менің асылым, Ертегімен тербейтін. Қиындыққа қарамай,Жанымызды емдейтін. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжетайым болшы аман
Әжетайым болшы аман, Жаратқаным жар болып. Күлім қағып саулықта, Жүрші әжетай бар болып. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжем барда
Әжем барда бар әлем, Құлпырады, жайнайды. Есік алды бақтарда, Бұлбұл құсы сайрайды. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжетайым
Әжетайым ерекше, Жылы, сөзбен үн қатқан. Ертек оқып біздерге, Жақсылыққа құмартқан. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әже
Менің әжем әдеміАлақаны аялы,Біз даладан келгендеКүліп құшақ жаяды.
©  Баянғали Әлімжанов
Әжемнің көмекшілері
Марал әжем әлі мықты,Таңнан іске аттанады.Мойындамас кәрілікті,Көп жұмысты атқарады:Сары сиыр мөңіресе,Су береді Марал әже.Сауатын кез келді..
©  Абдрахман Асылбек
Немеренің әні
Атамыз бар – «Дедушка»,Әжеміз бар – «Бабушка».Дейді мені: «Внугім»,Түсінеді мұны кім?Әлім деген атымды«Алимок» деп шақырды«Алимогім, Алимок, –Дейді..
©  Абдрахман Асылбек
Ата мен әжеме
Атамыз бар – дедушка,Әжеміз бар – бабушка.Немере деп қарайды,Шашымызды тарайды.Күнде күтіп-баптайды,Кәмпит, құртын сақтайды.Жасай берсін..
©  Абдрахман Асылбек
Ата-әжеге мың алғыс!
Немересін ойнатар, Сәл нәрсені тойлатар.Ата-әжеге мың алғыс,Көңілдерді жайлатар! Жібек Искакова
©  Алғыс айту күні
Зоопаркте
Әжесі:– Қарашы, Бек, мына аңға.Немересі:– Ұзынтұра шұбар ма?..Әжесі:– Неге ұқсайды сеніңше?Немересі:– Мойны ұқсайды кранға.Әжесі:– Аты не оның..
©  Бейсебай Кірісбаев
Мектепке өзім барамын
Мыж-мыж етіп тастаған,Киімімді өтектеп.Әжем бұрын бақшаға,Апаратын жетектеп.Ерсілігім аз енді,Бүгінде есті баламын.Мазаламай әжемді,Мектепке өзім..
©  Жеңіс Қашқынов
Түзетіп беремін
Қисық біткен о бастан,Қарт әжемнің бармағы.Көріп бірде болмастан,Інім әлек салғаны.Көнбей қойды еш жанға,Көрдіңіз бе өнерін.Алып келіп төс-балға,Деп..
©  Жеңіс Қашқынов