Әжеме тілек туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 4
Құттықтау, тілектер: 23

Әжетай, қарттар күнімен
Әжетай қарттар күнімен, Құттықтаймын мен сізді. Бақыт, шаттық тілеймін, Бар жақсыны мен ізгі.
©  Қарттар күні
Әжетай туған күніңіз құтты болсын
Әрбір күннен бақ тауып, Шаттаныңыз әжетай. Жастан жасқа жетіп сіз, Жүз жасаңыз әжетай.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңіз құтты болсын, әже!
Бүгін туған күніңіз, Құтты болсын ақ әжем. Күлімдеп ақ жүзіңіз, Жүз жасаңыз ақ әжем.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңізбен, әжетай!
Арайлы таң сыйласын, Әжетай бар жақсысын. Жаңа жасың сыйласын, Жаңа күннің тәттісін.
©  Жібек Ысқақова
Әжетай туған күніңмен!
Құтты болсын әжетай, Бүгінгі туған күніңіз. Алла өзі жар болып, Амандықта жүріңіз.
©  Жібек Ысқақова
Әжеге тілек
Әжетай туған күніңмен, Бар жақсыны тілеймін. Амандықта, саулықта, Ортамызда жүр деймін.
©  Жібек Ысқақова
АТА - ӘЖЕГЕ
Аман болсын басыңыз, Ағармасын шашыңыз. Шөбере сүйіп әлі де, Жүзге жетсін жасыңыз.