Туған күніңізбен туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 2
Құттықтау, тілектер: 1

Асыл анашым, туған күніңізбен!
Өмірге мені әкелген, Анашым туған күніңмен. Құттықтаймын мен сізді, Шын жүректен жырыммен.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңізбен, Анашым!
Туған күніңізбен, Анашым, Саулық сізге тілеймін. Жаратқан ием жар болып, Амандықта жүр деймін!
©  Жібек Ысқақова
Әкешім, туған күніңізбен құттықтаймын!
Әкетай туған күніңмен, Бар жақсыны тілеймін. Әр күніңіз қуантып, Тек күлімдеп жүр деймін.
©  Жібек Ысқақова
Әжетай туған күніңіз құтты болсын
Әрбір күннен бақ тауып, Шаттаныңыз әжетай. Жастан жасқа жетіп сіз, Жүз жасаңыз әжетай.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңіз құтты болсын, әже!
Бүгін туған күніңіз, Құтты болсын ақ әжем. Күлімдеп ақ жүзіңіз, Жүз жасаңыз ақ әжем.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңізбен, әжетай!
Арайлы таң сыйласын, Әжетай бар жақсысын. Жаңа жасың сыйласын, Жаңа күннің тәттісін.
©  Жібек Ысқақова
Жеке меншік мерекеңіз құтты болсын!
Жеке меншік мерекеңіз, Құтты болсын бүгінгі. Бар жақсыны тілеп сізге, Ұсынам тілек гүлімді.
©  Жібек Ысқақова