Атаға тілек туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 20
Өлеңдер: 11
Құттықтау, тілектер: 34

Ата қарттар күнімен
Құттықтаймын жан ата, Қарттардың бұл күнімен. Мерейіңіз асқақтап, Қуанта бер үніңмен.
©  Қарттар күні
Ата, ортамызда жүрші аман
Туған күнді тойлайық, Жан аташым жыл сайын. Ортамызда жүрші аман, Аташым менің жоқ уайым.
©  Жібек Ысқақова
Өзіңізбен аташым, жайнап кетер төріміз!
Немерелер аман боп, Шөберені көріңіз. Өзіңізбен жарқырап, Жайнап кетер төріміз.
©  Жібек Ысқақова
Құтты болсын аташым туған күнің!
Құтты болсын аташым, Бүгінгі туған күніңіз. Қуанышта, шаттықта, Шыға берсін үніңіз.
©  Жібек Ысқақова
Ақ тілекті арнайық
Ортамызда жүрші аман, Ғасыр тойын тойлайық. Әр жыл сайын аташым, Ақ тілекті арнайық.
©  Жібек Ысқақова
Арнайтын бізге батасын
Отбасының тірегі, Бір өзіңсің аташым. Әр күн сайын ақ тілек, Арнайтын бізге батасын.
©  Жібек Ысқақова
Аташым жүз жаса!
Аташым туған күніңмен, Құттықтаймын мен сізді. Шаттығыңды тілеймін, Шын жүректен мен ізгі.
©  Жібек Ысқақова
Аташым күніңіз нұрыл боп
Жүз жасаңыз аташым, Әр күніңіз нұрлы боп. Ортамызда жүрші ата, Амандықта уайым жоқ.
©  Жібек Ысқақова
Жүз жасаңыз, аташым!
Қуанышыңыз көп болсын, Сәтті болып күніңіз. Жүз жасаңыз аташым, Шаттықта шығып үніңіз.
©  Жібек Ысқақова
Аташым менің аташым!
Аташым менің аташым, Беретін әркез батасын. Құтты болсын бүгінгі, Туған күніңіз аташым.
©  Жібек Ысқақова
Атаның туған күнінде
Әр күніңіз қуантып, Бар бақытын арнасын. Атаның туған күнінде, Жақсылық тапсын жалғасын.
©  Жібек Ысқақова
Аташым мәңгі жасасын!
Шаттығыңыз ортаймай, Жүз жасаңыз аташым. Отбасының тірегі, Аташым мәңгі жасасын!
©  Жібек Ысқақова
Атама тілек, туған күніңізбен, ата!
Бүгін туған күніңіз, Құтты болсын аташым. Алла жар боп жасыңыз, Жүзге толсын аташым.
©  Жібек Ысқақова
Атама туған күнге тілек
Бүгін шаттық, бүгін нұр, Жеке меншік туған күн. Құтты болсын аташым, Бүгінгі бұл думан күн.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңмен аташым!
Туған күніңмен аташым, Құтты болсын мерекең. Деніңіз сау, аман боп, Арта берсін берекең.
©  Жібек Ысқақова
Аташым, туған күніңмен!
Аташым туған күніңмен, Құттықтаймын бүгін мен. Ортамызда жүрші аман, Мейірімді үніңмен.
©  Жібек Ысқақова
АТА - ӘЖЕГЕ
Аман болсын басыңыз, Ағармасын шашыңыз. Шөбере сүйіп әлі де, Жүзге жетсін жасыңыз.
Атама тақпақ
Ата - біздің кәріміз,Қуат берер дәріміз.Әулиедей аялап,Ардақтаймыз бәріміз! 
Ата-әжеге 60 жас
Аман болсын басыңыз,Ағармасын шашыңыз.Шөбере сүйіп әлі де,Жүзге жетсін жасыңыз.60 та өмір белесі,Қартайдым мен демеші.Туған күнде жыл сайын,Қуанышқа..
Атаға тілек немересінен
Ерасыл деп атам ат берген,Атым шығар білім шыңын игерген!Тегім - Ташен,Әкем - Даурен,Ата бала - мен болам!