Анашым туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 67
Өлеңдер: 64
Құттықтау, тілектер: 34
Әңгімелер: 5
Шығармалар: 6
Эсселер: 4

Құтты болсын Анашым мерекеңіз
Құтты болсын Анашым мерекеңіз, Аналардың күні бұл келіп жеткен. Бар жақсыны тілейміз өзіңізге, Күндеріңіз көп болсын күлімдеткен.
©  Аналар күні
Сіздей анам барында
Бақыттымын Анашым, Сіздей анам барында. Сізбен бірге шаттықты, Ататын әр таңымда.
©  Аналар күні
Анашым гүлді бағымсың
Құтты болсын мерекең, Анашым гүлді бағымсың. Қуанышта, шаттықта, Ататын ақ таңымсың.
©  Аналар күні
Жүрегі кең Анашым
Аналардың күнімен, Құттықтаймын Анашым. Ортамызда жүрші аман,Жүрегі кең анашым.
©  Аналар күні
Асыл анам өзіңсің
Асыл анам өзіңсің, Бақытым да, байлығым. Қуанышта, шаттықта, Өтсін деймін әр күнің.
©  Аналар күні
Өзің барда Анашым
Өзің барда Анашым, Қуанамын, күлемін. Жүрсең аман қасымда, Бақыттымын білемін.
©  Аналар күні
Аналарым жүрегім
Аналарым жүрегім, Бар жақсыны тіледім. Саулығыңыз мықты боп, Аман жүрші тілерім
©  Аналар күні
Аналарсыз күн қараң
Аналарсыз күн қараң, Олар біздің жанымыз. Сіздерменен аналар, Кірер біздің сәніміз.
©  Аналар күні
Ана деген асыл жан
Ана деген асыл жан, Мейірімді жүрегі. Ұйықтаса да, тұрса да, Бізді ойлап жүреді.
©  Аналар күні
Аналардың барында
Аналардың барында, Жандармыз ең бақытты. Аман жүрші Аналар, Күшті өткізіп уақытты.
©  Аналар күні
Анашым сен аман бол
Анашым сен аман бол, Гүлдей жайнап өмірің. Шаттана түс, қуана, Көтеріліп көңілің.
©  Аналар күні
Аяулы менің Анашым
Аналардың күнімен, Құттыұтаймын Анашым. Жадырай түс, жайнай түс, Аяулы менің Анашым.
©  Аналар күні
Жайнаңыздар Аналар
Жайнаңыздар Аналар, Күлімдей түс, шаршаман. Орындалсын лайым, Арманыңыз аңсаған.
©  Аналар күні
Аналарым асылым
Құтты болсын мерекең, Аналарым асылым. Шын жүректен тілейміз, Өмірдің ең асылын.
©  Аналар күні
Анашымсың асылым
Анашымсың асылым, Құтты болсын мерекең. Аналардың күнінде, Арта берсін берекең. 
©  Аналар күні
Өзіңіздей Анашым
Өзіңіздей Анашым, Мейрімді жан барма екен? Өзің барда Анашым, Жайнай түсер бар мекен.
©  Аналар күні
Аналардың күнімен құттықтаймын
Асыл анам жан анам,  асыл анам, Аналардың күнімен құттықтаймын. Күлім қағып жүзіңіз,  гүлдей жайнап, Ортамызда аман боп жүрші әрдайым.
©  Аналар күні
Анашым менің Анашым
Анашым менің Анашым, Ерекшесің,  дарасың. Саулығыңыз мықты боп, Аман жүрші Анашым.
©  Аналар күні
Ауырмаңыз Анашым
Ауырмаңыз Анашым, Гүлдей жайнап жүзіңіз. Орнамызда әрдайым, Аман-есен жүріңіз.
©  Аналар күні
Анашымсыз мейрімді
Бар жақсыны тілейтін, Анашымсыз мейрімді. Анашым-ау білеміз, Аппақ адал пейліңді.
©  Аналар күні
Анашым  сен ардағым
Анашым  сен ардағым, Орындалсын арманың. Саулығыңыз мықты боп, Сәтті атсын таңдарың.
©  Аналар күні
Апалардың күні бұл
Аналардың күні бұл, Құтты болсын Анашым. Жайнап жылы жүзіңіз, Аман жүрші Анашым.
©  Аналар күні
Ден сау болып Анашым
Ден сау болып Анашым, Амандықта жүр лайым. Күлімдей түс, шаттана, Жүзің  жайнап әрдайым.
©  Аналар күні
Аман жүрші Анашым
Аман жүрші Анашым, Көңіліңіз гүл жайнап. Аналардың күнінде, Қуанышта жүр ойнап.
©  Аналар күні
Жадыраңыз Анашым
Жадыраңыз Анашым, Әр күн сайын күлімдеп. Қуанышта,  шаттықта, Жайнай түссін жүзің тек.
©  Аналар күні