Атама тілек туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 17
Өлеңдер: 11
Құттықтау, тілектер: 30

Ата қарттар күнімен
Құттықтаймын жан ата, Қарттардың бұл күнімен. Мерейіңіз асқақтап, Қуанта бер үніңмен.
©  Қарттар күні
Ата, ортамызда жүрші аман
Туған күнді тойлайық, Жан аташым жыл сайын. Ортамызда жүрші аман, Аташым менің жоқ уайым.
©  Жібек Ысқақова
Өзіңізбен аташым, жайнап кетер төріміз!
Немерелер аман боп, Шөберені көріңіз. Өзіңізбен жарқырап, Жайнап кетер төріміз.
©  Жібек Ысқақова
Құтты болсын аташым туған күнің!
Құтты болсын аташым, Бүгінгі туған күніңіз. Қуанышта, шаттықта, Шыға берсін үніңіз.
©  Жібек Ысқақова
Ақ тілекті арнайық
Ортамызда жүрші аман, Ғасыр тойын тойлайық. Әр жыл сайын аташым, Ақ тілекті арнайық.
©  Жібек Ысқақова
Арнайтын бізге батасын
Отбасының тірегі, Бір өзіңсің аташым. Әр күн сайын ақ тілек, Арнайтын бізге батасын.
©  Жібек Ысқақова
Аташым жүз жаса!
Аташым туған күніңмен, Құттықтаймын мен сізді. Шаттығыңды тілеймін, Шын жүректен мен ізгі.
©  Жібек Ысқақова
Аташым күніңіз нұрыл боп
Жүз жасаңыз аташым, Әр күніңіз нұрлы боп. Ортамызда жүрші ата, Амандықта уайым жоқ.
©  Жібек Ысқақова
Жүз жасаңыз, аташым!
Қуанышыңыз көп болсын, Сәтті болып күніңіз. Жүз жасаңыз аташым, Шаттықта шығып үніңіз.
©  Жібек Ысқақова
Аташым менің аташым!
Аташым менің аташым, Беретін әркез батасын. Құтты болсын бүгінгі, Туған күніңіз аташым.
©  Жібек Ысқақова
Атаның туған күнінде
Әр күніңіз қуантып, Бар бақытын арнасын. Атаның туған күнінде, Жақсылық тапсын жалғасын.
©  Жібек Ысқақова
Аташым мәңгі жасасын!
Шаттығыңыз ортаймай, Жүз жасаңыз аташым. Отбасының тірегі, Аташым мәңгі жасасын!
©  Жібек Ысқақова
Атама тілек, туған күніңізбен, ата!
Бүгін туған күніңіз, Құтты болсын аташым. Алла жар боп жасыңыз, Жүзге толсын аташым.
©  Жібек Ысқақова
Атама туған күнге тілек
Бүгін шаттық, бүгін нұр, Жеке меншік туған күн. Құтты болсын аташым, Бүгінгі бұл думан күн.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңмен аташым!
Туған күніңмен аташым, Құтты болсын мерекең. Деніңіз сау, аман боп, Арта берсін берекең.
©  Жібек Ысқақова
Аташым, туған күніңмен!
Аташым туған күніңмен, Құттықтаймын бүгін мен. Ортамызда жүрші аман, Мейірімді үніңмен.
©  Жібек Ысқақова
Атама тақпақ
Ата - біздің кәріміз,Қуат берер дәріміз.Әулиедей аялап,Ардақтаймыз бәріміз!