![]() |
|
![]() |
Әке туралы Тақпақтар ✍️
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 49
Жұмбақтар: 7
Тақпақтар: 41
Өлеңдер: 250
Нақыл сөздер: 28
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 1
Әңгімелер: 86
Ертегілер: 1
Поэмалар: 5
Шығармалар: 4
Анекдот, әзілдер: 7
Аңыздар: 7
Эсселер: 12
АСҚАР ТАУЫМ,ТІРЕГІМ
Әкешім -жүрегімАрналады тілегімРиза болып әкемеӘр қашанда жүремінБарлық айтқан тілегін
Жетеледің біздерді
Асқар тауым, әкешім, Біздерге дем беретін. Еркелетіп әрқашан, Маржан сөзін теретін.Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Тәрбиелеп өсірдің
Тәрбиелеп өсірдің, Әкетайым, асқарым. Атып таңың арайлы, Ашық болсын аспаның. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Отбасының жүрегі
Отбасының жүрегі, Бір өзіңіз әкешім. Қорғаны сіз, тірегі, Ардақты жан әкешім! Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешімсіз қолдайтын
Әкешімсіз қолдайтын, Жамандықтан қорғайтын. Ұл-қызына әспеттеп, Бар жақсысын жолдайтын. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Көңіліміз сізбенен
Көңіліміз сізбенен, Шаттық әуен орнайды. Басымызға жүздеген, Жақсылықтар орнайды. Асқар таудай әкешім, Сізбенен күн балдайды. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім деп....
«Әкешім» деп— ән саламыз, «Әкешім» деп — жыр жазамыз. Сізге қарап бойды түзеп, Өзіңізбен мақтанамыз. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Күніміз сіз сөнбейтін
Күніміз сіз сөнбейтін, Көкжиектен шығатын. Әніміз сіз тербейтін, Жанымызды ұғатын. Әкетайым, асылым, Біздерді ойлап тұратын. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Сіз бар кезде...
Сіз бар кезде әкешім, Арайлы боп таң атар. Күн күлімдеп біздерге, Қуанышпен үн қатар. Ортамызда жүрші аман, Әніміз боп жырлатар! Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім-ау, әкешім!
Әкешім-ау, әкешім, Алла жар боп болшы аман. Жүрегің мәңгі соқсын деп, Жаратқаннан сұранам. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жанұяның жүрегі
Жанұяның жүрегі, Әкетайым өзіңіз. Маңызды әке, қашанда, Әрбір айтар сөзіңіз.
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Шаршамаңыз, талмаңыз!
Шаршамаңыз, талмаңыз, Әкетайым, асылым. Балаларын, отбасын, Ойлап жүрер жасырын. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Шаттығымыз сіз — Әке!
Шаттығымыз сіз — Әке, Бақ гүліміз сіз — Әке. Әрбір жылы саулықта, Жасаңыз сіз — жүз, Әке! Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Асқар таудай Әкелер
Асқар таудай Әкелер, Ұл-қыздарын мәпелер. Тәрбиесін көрсетіп, «Адам бол» деп жетелер.Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Өзің барда Әкешім
Өзің барда Әкешім, Бақыттымыз біздер тек. Амандықта жан Әке, Жүріңізші күлімдеп! Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жүрегіміз сіз әке
Жүрегіміз сіз — Әке, Тірегіміз сіз— Әке. «Аман бол» деп қашанда, Тілейміз тек біз Әке! Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім сен
Әкешім сен — асылсың, Көз тартатын маржандай. Әр сөзіңе біз әке, Тұра алмаймыз таңданбай. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкем менің
Әкем менің — жан ізгі, Бар жақсысын арнайтын. Ұл-қызына әдемі, Өмір жолын таңдайтын. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әке деген...
Әке деген — Асқар тау, Таудай биік талабы. Ұл-қызына қарайтын, Мейіріммен жанары. Жібек Искакова
— Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әке
Менің әкем еңбекқорАсқар таудай тұлғасы,Балалардың тірегіЖақсылардың жолдасы!
— Баянғали Әлімжанов
Әке қолы
Қырларына гүл тұнып,Кетті дала құлпырып.Жайнар ма құм жондары?Құстар әнін төгіп бір,Ашпас еді өрік гүл.Арықтар да аңырап,Қалар еді қаңырап.Бақыт..
— Абдрахман Асылбек
Әкешім
Аялайды әкешім,Аямайды мәпесін.Әке деген – асқар тау,Әке деген – шат есім.Жаса, жаса, әкешім,Әке деген – шат есім.Әкемді мен сүйемін,Алдында бас..
— Абдрахман Асылбек
Мәдемі
Айналайын Мәдемі,Атың қандай әдемі!Айтулы қыз болсын деп,Ата-анаң дәмелі.Жайма-шуақ жаны бар,Жарасымды сәні бар.Аты-дағы ерекше,Анаң сенің –..
— Абдрахман Асылбек
Әкеме
Айналайын жан әке,Арайлап атқан таң әке.Асқар таудай панамыз,Ақылшымыз – данамыз.Сен болсаң, әке, біз бармыз –Ұлдармыз, ерке қыздармыз.Жасай бер..
— Абдрахман Асылбек
Әкелерге мың алғыс!
Алақанда мәпелер, «Адам бол» деп жетелер. Әкелерге мың алғыс, Әрбір сөзін елетер! Жібек Искакова