Түн туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Түн" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Түн" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Түн" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Түн" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 25
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 16
Өлеңдер: 698
Нақыл сөздер: 11
Туындылар: 2
Әңгімелер: 50
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 2

Айтады екен алуа, бал татқандар:
«Азанда аш қой түнде тойып жатқандар».
Адаспаймын деген жігітті қараңғы түн адастырады.
Таңы атпастың,
Түні батпас.
Бөтен төсек жарты-ақ түн жатқызады.
Түн қараңғы болса да,
Алма түгел санаулы.
Түн қаншама қараңғы болса да,
Анасынан қызын ажыратуға болады.
Дәруішке түн ұзақ.
Түнде ұшқыныңды жасыра біл,
Күндіз түтініңді жасыра біл.
Түн соғыста дем алатын мезгіл емес,
Жаудан кек алатын мезгіл.
Жаманға түн де қараңғы, күн де қараңғы.
Аппақ динар қара түннің шырағы.
Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
Түлкіні түн асырайды.
Аспан көгі жамылды,
Қара мақпал бүркеніп.
«Т» орнына «К» қойсаң,
Жылытып жон, шағылды,
Тұрам елге нұр төгіп.

жауабы
Түн - Күн
Дарияда жайын жүзер дөп-дөңгелек,
Қанаты асты қара бір көбелек.
Жанады бір шаһардан сансыз шырақ,
Адамға қиын екен санап білмек.

жауабы - Ай..
Шымылдық ішінде қап-қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала.