Түн туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 25
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 14
Өлеңдер: 689
Нақыл сөздер: 11
Туындылар: 2
Әңгімелер: 50
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 2

Айнала қорған салдым,
Ішіне жеті бөлме үй салдым.
Жеті үйдің ішіне бір әйнек,
Бір шырақ қойдым.

Жауабы: Дүниенің төрт бұрышы, жеті күн, ай мен..
Жер үстінде бір бәйтерек,
Оның бар он екі бұтағы.
Әрқайсысында отыз жапырақ,
Отызының бір жағы ақ, бір жағы қара.

Жауабы: Жыл он екі ай, бір..
Бірі - ақ, бірі - оның туған қара,
Отыздан он екі рет өскен дара.
Үш жүз алпыс әрбірінің серігі бар,
Жұп қылып бөліп алған екеу ара.

Жауабы:..
Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,
Мезгілімен ашылып және жаппақ.
Болғанда бірі қара, екіншісі -
Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ.

Жауабы:..
Алдымен қара тұлпар озық келер,
Арғымақ мойнын созып кейін келер,
Соңынан боз арғымақ басып озып,
Айналып бірін-бірі жүре берер.

Жауабы: Түн..
Ойдан шықты бұл жұмбақ,
Ойшыл ерлер ойлан тап.
Өзгермейді өзінен
Бұл жаһанда бір дарақ.
Ол дарақтын бойында
Дәл он екі бар бұтақ.
Бұтақтардың..
Аспан көгі жамылды,
Қара мақпал бүркеніп.
«Т» орнына «К» қойсаң,
Жылытып жон, шағылды,
Тұрам елге нұр төгіп.

жауабы
Түн - Күн
Дарияда жайын жүзер дөп-дөңгелек,
Қанаты асты қара бір көбелек.
Жанады бір шаһардан сансыз шырақ,
Адамға қиын екен санап білмек.

жауабы - Ай..
Шымылдық ішінде қап-қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала.