Ой туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Ой" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ой" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ой" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ой" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 69
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 8
Өлеңдер: 463
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 222
Туындылар: 1
Әңгімелер: 16
Ертегілер: 1
Поэмалар: 8
Шығармалар: 5
Аңыздар: 1
Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.
Ойымдай ой табылмас.
Кірмей тұрып, шығарыңды ойла.
Ой - ойдан шығады, ойламаса - қайдан шығады.
Сөзі — олақ,
Ойы — шолақ.
Ойы — шолақ.
Ойнап айтса да ойындағысын айтады.
Заманына қарай киімі,
Зердесіне қарай түйіні.
Зердесіне қарай түйіні.
Көлді жел қозғайды,
Ойды сөз қозғайды.
Ойды сөз қозғайды.
Күш-қуатым барда
Көшіп-қонып алайын,
Ақыл-есім барда,
Ойлап-толғап қалайын.
Көшіп-қонып алайын,
Ақыл-есім барда,
Ойлап-толғап қалайын.
Ұлы адамның ойында
Ұлы іс жүреді,
Ұлы зергер бойында
Алтын, күміс жүреді.
Ұлы іс жүреді,
Ұлы зергер бойында
Алтын, күміс жүреді.
Көптің ойы — кемеңгер.
Түйедей бойың болғанша,
Түймедей ойың болсын.
Түймедей ойың болсын.
Саналымен санаспа,
Санасызбен жанаспа.
Санасызбен жанаспа.
Су түбіне жетпейсің
Бойлағанмен,
Ой түбіне жетпейсің
Ойлағанмен.
Бойлағанмен,
Ой түбіне жетпейсің
Ойлағанмен.
Кең ойлаған,
Кем ойламас.
Кем ойламас.
Ой ойласаң, кең ойла,
Алды, артын тең ойла.
Алды, артын тең ойла.
Тұрмыс түзер ойыңды,
Ойың түзер бойыңды.
Ойың түзер бойыңды.
Жақсының күнде
Бір ойы кеңиді;
Жаманның күнде
Бір ойы кемиді.
Бір ойы кеңиді;
Жаманның күнде
Бір ойы кемиді.
Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
Баланың ойы қияда.
Аштың ойы тамағында,
Жаяудың ойы табанында.
Жаяудың ойы табанында.
Ақыл –дария,
Ой – теңіз.
Ой – теңіз.
Ақыл — арман, ой — өріс.
Қой семізі — қойшыдан.
Адал еңбек, алғыр ой - анық досың біліп қой.