Алтын туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Алтын" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Алтын" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Алтын" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Алтын" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 10
Мақал-мәтелдер: 102
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 159
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 30
Туындылар: 1
Әңгімелер: 18
Ертегілер: 10
Поэмалар: 3
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Алтын тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.
Кестешінің бізі — алтын,
Кемеңгердің сөзі — алтын,
Көрегеннің көзі — алтын.
Алтын тыққан адам арықтап өлер.
Алтын отта сыналар,
Адам жоқта сыналар.
Таздың тарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.
Ат тұяғы—алтын,
Алысқа алып баратын.
Адам тілі алтын,
Алысты сұраптабатын.
Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.
Күміс күнге қонса,
Алтын өз аяғымен келер.
Алтынды еріткенмен,
Жез болмайды
Жібекті жуғанмен,
Бөз болмайды.
Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да отқа жақ.
Алтын балтаның да сабы ағаш.
Қайыптан тапқан алтыннан
Ақсақал берген бата артық
Қайыры жоқ жақыннан
Жаны жақсы жат артық.
Түйе алтын артып жүрсе де,
Жантақ жеуін қоймайды.
Алтын белдік — бел сәні,
Асы жігіт — ел сәні.
Тең тартқан
Таразы — алтын.
Алтын тапсаң, санап ал.
Қолда барда алтынның қадірі жоқ.
Алтынды ала білген бөле де біледі.
Алтын алма, алғыс ал.
Алғыс алтын емес пе!
Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
Ақыл айнымас, алтын шірімес.
Сабыр түбі сары алтын.