Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл


Слайд жүктеу

«Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл»

«Отаншылдық өз жеріңе, өз аулыңа, өңіріңе, өзіңнің туған өлкеңе деген сүйіспеншіліктен бастау алады...»

Н. Назарбаев,

Қазақстан Республикасының Президенті

Кіріспе

Мен, Ақмая ауылында туып өстім. Осы ауылдағы Ақмая орта мектебінің 4 «Б» - сыныбында оқимын. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім қажет деп ойлаймын.. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым. Ауыл – ата - бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекені. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған батыр - бабаларымыз қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймыз.

Керемет ақын Мұқағали Мақатаев:

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,

Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады. Міне осындай туған жерге деген менің ауылым жайлы тереңірек білуге баулыды.

4

Мақсаты:

Ақмая ауылының тарихын зерттеу

Міндеті:

Оқушыларға кіндік қаны тамған жер, өз ауылының тарихы туралы тереңірек білу. Зерттеп зерделеу. Қазіргі жастарға ауыл тарихын айтып, кеңінен білуге насихаттау.

Тақырыптың өзектілігі:

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту»

бағдарламасында: «Отаншылдық өз жеріңе, өз аулыңа, өңіріңе, өзіңнің туған өлкеңе деген сүйіспеншіліктен бастау алады...»деп айтқандай.... Біз болашақ ұрпақ ретінде өз ауылымыздың тарихын зерттеуді қолға алдық

Өз жеріңе, оның мәдениетіне, әдет - ғұрпы мен дәстүрлеріне ерекше

қатынасты қалыптастыру және ғұрыптау қажет. Қазіргі қазақстандықтар өз бабаларының осы жер үшін, оның аядай әр бөлігін сақтап қалу үшін, өзінің әдет - ғұрпын сақтау мүмкіндігі үшін, өз ұрпағына еркін болашақты қамтамасыз ету үшін күрескенін түсініп, отаншылдық рухын нығайтып, азаматтарды біріктіруге және тарихын құрметтеуге ықпал етуі тиіс.

Осы мақсатта, Шиелі ауданындағы Ақмая ауылы туралы зерттеу жүргіздім.

1. Ақмая ауылын зерттеу:

1. 1 Географиялық орны

• Ақмая — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Ақмая ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы – Шиелі ауылынан оңтүстік – шығысқа қарай 15 км жерде, Телікөл арнасының батыс жақ жағасындағы шөл белдемінде орналасқан. Координаттар: 44°05′07″ с. Е. 66°52′04″ ш. б.

5

1. 2 Ауылдың тарихы

Ақмая тұнған шежіре.

Бұл елдімекеннің тарихы патшалық кезеңнен басталады.

1853 - 1855 жылдары генерал В. Перовскийді Сырдария бойын зерттеу мақсатында оңтүстікке аттандырады. Осының нәтижесінде, кең жатқан өңірді игеру мақсатында 1887 жылы Мәскеуден теміржол тартыла бастайды. 1904 жылы сол теміржол Шиелінің үстінен өтіп

22 - бекет орнығады. 1937 жылы Хабаров өлкесінің қоныстарынан кәрістер Сыр бойына жер аударылды. Зорлықпен көшірілген кәріс халқының өкілдері Шиелі жерін мекендей бастаған. Еліміз егемендік алып, аласапыран кезең басталғанда бауыр басқан мекендерінен басқалардай ауа көшпей тұтастығын сақтап қалған бірден - бір ұлт осы кәрістер болып отыр. Әу баста кәрістер қоныстанған жер «Авангард» деп аталған екен. Табиғатынан еңбекқор кәрістер қалың сексеуіл мен жыңғыл басқан жерді игеріп, егістікке айналдырады. Авангар қолхозы аудан орталығы Шиелінің оңтүстік шығысында 16 шақырым жерде. «Авангардтың» негізін 1937 жылы Хабаровск өлкесінің қоныс аударып келген кәрістер салған. 1969 жылы халқы 2, 1 мың болған, көбіне күріш егумен шұғылданатын «Авангард» колхозында күріш ақтайтын пункт, киім тігетін шебер - хана, орта мектеп, клуб, екі кітапхана, аурухана, әйелдер босанатын үй, аптека, екі бақ бар». Міне, осы қысқа деректен бір кездегі 30 - 40 үйлі шағын ауылдың жетпіс жыл ішінде республикадағы ірі шаруашылыққа айналғанын көреміз. Кәрістер іргетасын қалаған осы колхоздың маңынан кейіннен «Большевик» және «Гигант» колхоздары өмірге келді. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтардан тұратын колхоздарда негізгі жұмыс күші қарттар, әйелдер мен балалар болса, кәріс колхоздарында еркектер болды.

6

Себебі, кәрістер Қызыл Әскер қатарына шақырылмаған екен.

Алпысыншы жылдардың ішінде «Авангард» үш колхоздың басы қосылған облыстағы күріш өсіретін ірі шаруашылық болды. Соғыс алдында қазылған Шиелі каналы күріш өсірумен айналысатын колхоздардың көзайымына айналғанына дау жоқ. Айта кету керек, Кеңес заманында осы шаруашылықтан 16 Социалистік Еңбек Ері шыққан.

Ан Дон - Дю 1898 — Социалистік еңбек ері

Ким Хан Гу — Социалистік еңбек ері

Ким Хон Бин — Социалистік еңбек ері

Ким Чан Ден (1897 — 1962) — Социалистік еңбек ері

Ли Бен Сер (1899 —?) — Социалистік еңбек ері

Ли Ен Гу — Социалистік еңбек ері

Ли Ен Гын (1903 —?) — Социалистік еңбек ері

Ким Ик - Се (1894 — 1977) — Социалистік еңбек ері

Ким Ман Сам (1883 — 1964) — Социалистік еңбек ері

Ким Хи Як — Социалистік еңбек ері

Пак Дон Ер — Социалистік еңбек ері

Тян Гым Чер — Социалистік еңбек ері

Хван Чан Ир — Социалистік еңбек ері

Хе Се Ун — Социалистік еңбек ері

Хо Бен — Социалистік еңбек ері

Цой Чун Се — Социалистік еңбек ерлері болған. Ақмаялықтар оларды мақтанышпен еске алады.

7

Мақсаты бір қос диқан

Тумысынан кеңпейіл, еңбекқор, шыдамды боп келетін кәріс ұлты мұнда келген соң, күріш егу ісімен айналысады. Олардың арасында асқан еңбек сүйгіштігімен көзге түскен, ізденгіш, күріш егуден алғашқы рекордшы, атақты Ким Ман Сам бар еді

Ким Ман Сам 1883 жылы Ресейдің Қиыр Шығыс өлкесі яғни, Уссури уезінде туған. Қазақстанға қоныс аударған 1937 - 1960 жылдары Шиелі ауданы «Авангард» (қазіргі Ақмая ауылы) ұжымшарында өмір сүріп, еңбек етеді. Ким Ман Сам Қазақстанда күріштен рекордтық жоғары өнім алу жолындағы социалистік жарыстың көш бастаушысы болды. Ол мол өнім өсірудің жолдарын табандылықпен іздестірді: әртүрлі тұқымды сынап көрді, агротехниканы өзгертті, суару жүйелерін жетілдірді.

Ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам замандас, дос, қызметтес болды.

8

«Білмеген айып емес, білгісі келмеген айып», – дейтін Ыбырай диқан әр уақытта білмегенін талаптанып, басқалардан үйренуге тырысатын. Осындай нағыз ерге тән қасиеттерінің арқасында қос күрішші бәсекелеспей, бір - бірін құрметтеп, тәжірибе алмасып, биік межелерді бірге бағындырып отырған. Ким Ман Сам 1944 және одан кейінгі жылдары тұрақты мол өнімге жетіп отырды. Күріш шаруашылығында табысқа жетудің шешуші шарттарының бірі — шектерге суды дер кезінде және дұрыс толтыру, егісті дер кезінде арам шөптен арылту, минералды тыңайтқыштарды дұрыс қолдану осы сияқты толып жатқан агротехникалық шараларды жүзеге асырып, егістікті мұқият баптау керек екенін іс жүзінде дәлелдеді. Ол жауды жеңуге тек өзінің қажырлы еңбегімен зор үлес қосып қана қоймай,

1942 жылы «Қызылордалық колхозшы» атты танк колоннасын жасауға 105 мың сом өз қаржысын берді.

1941 жылы Ы. Жақаев бес гектар егін алқабының әр гектарынан 43 центнерден өнім алса, келесі 1942 жылғы өнім гектарына 84 центнер болды. Бұл жылы Ким Ман Сам 20 гектар күріштің әр гектарынан 160 центнер өнім жинап, алғашқы рекордты жасаған еді. Осындай жетістік сырын барша диқанның игілігіне айналдыру үшін ауданда қыста екі айлық күрішшілер оқуы ұйымдастырылып, онда Шиелі аудандық жер бөлімінің бас агрономы Әнес Алтынбеков, Ким Ман Сам және Ыбырай Жақаев сабақ береді. Бұл кейін жетпісінші жылдары ұйымдастырылған «Жақаевшылар мектебі» деп аталатын күрішшілердің республикалық озат тәжірибе мектебінің бастауы болатын. Екі диқан бәсекелес емес, нағыз дос бола білді деп жоғарыда айтып өттік. Ким Ман Сам өзі мен Ыбырайды түйенің қос өркешіне теңеген екен. Қос диқан 1944 жылы алғашқы үкіметтік марапаттарын – «Еңбек Қызыл Ту» орденін алады. Ыбырайдың әр гектардан 1944 жылы – 110 центнер, 1945 жылы – 156 центнер, 1946 жылы – 160 центнер межеге жетіп, 9

Ким Ман Самның 1942 жылғы орнатқан рекорд жетістігін қайталайды. 1946 жылы Жақаев пен Кимге КСРО мемлекеттік сыйлығы (ол кезде Сталиндік сыйлық деп аталған) беріледі. Сол сыйлық қаражатқа Ыбырай колхозына 5 трактор сатып әперсе, Ким Ман Сам ауылына клуб соқтырды. Қазір сол мәдениет үйі Ким ақсақалдың атында. Ол 1956 жылы өзінің туған өлкесіне қоныс аударды.

Артында диқан даңқы қалды.

Ким Ман Сам атындағы20 гектар күріштің әр гектарынан

мәдениет үйінсалды. 160 центнер өнім жинады

1942 жылы «Қызылордалық колхозшы»

атты танк колоннасын жасауға

105 мың сом өз қаржысын берді.

Ким Ман СамЕңбек Қызыл Ту ордені

Ким Ман Сам атында көше

Қазіргі кезде Ақмая ауылындағы Ким Ман Сам атындағы мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өзі өмір сүрген ауылда атақты күрішші атына көше берілген. Ол көше толық жарықтандырылып, жолы асфальтталған.

Елге өлшеусіз еңбек сіңірген қос диқанның артында өшпес із, сарқылмас мұра қалды. Ел үшін туып, тер төккен еңбек ерлерін Сыр елі ғана емес, бүкіл қазақ жұрты мәңгі құрметтейді.

10

«Авангард» колхозының Еңбек Ерлері.

«Диқандықтың бақшасын кез, жемісін тап.

Адал еңбек істесең, көңілің шат».

(Әлішер Науаи)

1937 жылы Шиелі ауданына көшіп келгендегі «Авангард» колхозы басқармасының бірінші төрағасы Ким Хон Бин (1902 жылы туылған) болатын.

Ұлы Отан соғысы кезінде және соғыстан кейінгі жылдары «Авангард» колхозының еңбекшілері жылма - жыл мол өнім жинап, облыс және Республикаға танымал болды.

1946 - 49 жылдары орта есеппен күріштің әр гектарынан 80 - 120 центнерден (колхоз бойынша) алған бір топ «Авангард» колхозының күрішшілеріне ССРО Жоғарғы Советі Президиумының 20 мамыр 1949 жылғы Указымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Алтын жұлдыз және Ленин ордені қоса тапсырылды.

Олар: 11

1. Ким Хон Бин (1902 ж.) – «Авангард» колхозының басқарма төрағасы. Колхоз бойынша күріштің әр гектарынан орта есепбен 80 - 120 центнер өнім алғаны үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

2. Ким Ман Сам (1883 ж.) – күріш звено жетекшісі. 1942 жылы 5 гектар күріштен 150 центнерден өнім алған. 1941 жылы «Кұрмет белгісі», 1945 - 46 жылдары екі рет «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталып, 1947 жылы Мемлекеттік (Сталиндік сыйлық) сыйлық алды. Күріштен бірнеше жыл жоғары өнім алған еңбегі үшін 20 май 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

1941 жылы «Қазақстан колхозшысы» танк колоннасына барлығы 500 мың сом «Авангард» колхозы өткізсе, Ким Ман Сам бір өзі 105 мың сом өткізген. 1947 жылы Мемлекеттік сыйлығын (50 мың) «Авангард» колхозының орталығынан клуб салуға берді. Бұл клуб - кәзірде ауылымызда Ким Ман Сам атындағы мәдени орталық. Ол кісінің бұрынғы тұрған көшесі қазір өз есімімен аталады.

Ким Ман Самды «Авангард» колхозынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлерінің ұстазы деп атайды.

3. Ким Хан Гу (1882 - 1967 ж.) – күріш звено жетекшісі 1948 жылы 10 га күріш егісінен 50 центнерден өнім алған. 1949 жылы 20 мамырда Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

12

1. Ким Чан Ден (1897 - 1962 ж.) – 1929 жылдан колхоз мүшесі. 1937 - 50 жылдары күріш звено жетекшісі. Күріштен бірнеше жыл мол өнім алып, Республикалық және облыстағы көрмелерге қатысып, бірнеше медальдар мен дипломдармен марапатталған. 20 мамыр 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

2. Ли Бен Сер (1899 ж. тұған) – 1938 - 58 жылдары күріш звено жетекшісі, 7 гектар күріштің әр гектарынан 82 центнерден өнім алып, 20 мамыр 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

3. Ли Ен Гын (1903 ж. тұған) – 18 жыл «Авангард» колхозының күріш звено жетекшісі болды. 1948 жылы оның бригадасы 20 гектар күріштің әр гектарынан 100, 5 центнерден өнім алды. 20 мамыр 1949 жылы оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

13

7. Ким Ик Се (1894 - 77 ж.) – 1929 жылдан «Авангард» колхозының мүшесі.

1939 - 60 жылдары 21 жыл күріш звено жетекшісі, 40 жылдан аса күріш егумен айналысты. 1948 – жылы 10 гектар күріштің әр гектарынан, 82 центнерден өнім алып, 20 мамыр 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

8. Тян Гым Чер(1916 ж. туған) – 1940 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумын бітіргеннен кейін «Авангард» колхозында агроном болып істеді.

1948 – жылы «Авангард» колхозы барлық егілген күріш егісінен орта есеппен 80 центнерден өнім алды. Міне осындай үлкен табыстың ішінде бас агроном Тян Гым Гердің де зор үлесі бар. Сондықтан, 20 мамыр 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол көп жыл колхоздың бас агрономы, колхоз басқармасы, төраға орынбасары бола жүріп, күріштің жаңа сорттарын «Аавнгард» колхозында өсіріп, ауданның басқа колхоздарына жаңа сорттарды таратуда да басшылық жасады.

14

1960жылдан бастап, облыс бойынша күріш егісі механизммен жиналатын болғандықтан, колхоздың егіс көлемі жылма – жыл өсіп отырды.

1966 жылы «Авангард» колхозы бойынша 1100 гектар күріш егісінен, 30, 3 центнерден өнім алынды. Осындай жетістіктерінің нәтижесінде Тян Гым Чер Бүкілодақтық Ауыл Шаруашылық көрмесінің (ВДНХ) дипломдары, медальдарымен және Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 9. Хван Чан Ир (1893 ж.) – 1937 жылдан «Аавнгард» колхозының мүшесі, күріш звено жетекшісі.

1948 жылы 20 гектар күріштің 61, 5 центнерден, оның ішінде 10 гектарының әр гектарынан 80 центнерден Рекордтық өнім алды. 20 мамыр 1949 жылы оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

10. Хе Се Ун (1893 ж.) – 1937 жылдан «Авангард» колхзының мүшесі. Көп жыл күрішегісінің бригадирі болды.

1948 жылы 6 гектар күріштің әр гектарынан 80, 9 центнерден рекордтық өнім алды. 21 мамыр 1949 оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1957жылы Құрметті дербес зейнеткерлікке шықты

15

11. Цой Чун Се (1908 ж.) – 1937 жылдан «Авангард» колхозының звено жетекшісі. Көп жылдар бойы күріш егісінен жоғары сапалы өнім алғаны үшін оған 20 мамыр 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Міне, бұл «Аавнгард» колхозының атын Одаққа, Республикаға және облысқа паш еткен он бір Еңбек Ерлерінің рекордтты еңбектері - маңдай терінің жемісі еді.

«… Облыс бойынша 32 корей ұлттының өкілі Социалистік Еңбек Ері атағын алса, бұлардың арасындағы атақты Ыбырай Жақаевтың ұстазы әрі досы Шиелі ауданындағы «Авангард» колхозының диқаны Ким Ман Сам КСРО Мемлекеттік сыйлығын қоса алды. Еңбек Ері атанғандардың 12 - сі Шиелі ауданындағы «Авангард», тағы 3 - і осы шаруашылыққа қосылған «Большевик», ал 11 - і «Гигант» колхоздарынан шыққан екен. («Сыр бойы» №99, 8 мамыр 2008 жыл)«Алып дарақтың бір бұтағы».

Елге сіңірген еңбек жақсы

Еңбекті елеген ел жақсы.( С. Көбеев)

Ел үшін еңбек етсең халқың сүймек

Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.

Ер өлсе де, еңбегін ел өлтірмес

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек

(С. Торайғыров)

1929 жылдан «Авангард» колхозының мүшесі.

16

Көп жыл Еңбек еткен Чжен Алексей Петрович (1906) Ленин орденімен марапатталған еді. Ол колхоздың құрылыс прорабы болып, 1938 жылы «Авангард»

орта мектебінің үйін салдырды. Көп жыл күріш және бау - бақша бригадирі болып, құрметті дербес демалысқа шықты.

1950 жылы көп жыл күріш бригадасының жетекшісі Ким Бон Хо екінші Ленин Орденімен Марапатталды. 1951 жылы күріш звено жетекшісі, соңынан механизатор Илларион Кан үшінші Ленин орденімен марапатталды. Бұларға Еңбек Ері атағы берілмегенімен колхозшылар ортасында, ауданда, облыста өте беделді кісілердің бірі болды. Ұлы Отан соғысы біткеннен кейін колхоз басқармасының төрағалары жиі ауысып отырды. Оның себебі, 1950 жылдан кейін Үкімет колхоздары ірілендіру саясатына көшкен болатын. 1952 - 54 жылдары «Авангард» колхозы басқармасының төрағасы болып Социалістік Еңбек Ері Тян Гым Чер, ал оның орынбасары болып Өтеубай Палымбетов сайланды.

1954 - 55 жылдары «Авангард» орта мектебінің директоры Хан Бон Хо колхоз басқармасының төрағасы болып сайланды.

1956 - 59 жылдары Ни Иван Макарович 1960 жылы «Большевик» колхозының қосылуына байланысты, сол колхоздың төрағасы Александр Семенович Квон сайланды. Бұл кезде «Авангард» колхозы іріленген шаруашылықтың бірі болды.

1963 жылы А. С. Квон мектеп директорлығына қайта оралып, ұстаздық жұмысын әрі қарай жалғастырды.

1975жылы Құрметті демалысқа шықты

1963 - 66 жылдары колхоз басқармасы төрағасы Төлеген Жақыпов болды.

1967 - 73 жылдары «Авангард» колхозын Цой Ен Мун басқарды.

17

1973 жылдан бастап «Авангард» күріш совхозы болып аты өзгертілді. Бірінші совхоз директоры болып Константин Васильевич Хван бекітілді К. В. Хван көп жыл бойы совхоз экономикасын көтеруге үлкен еңбек атқарды.

1978 жылы «Авангард» совхозының директоры Виталий Петрович Хан болды. Ол осыған дейін совхоздың бас инженері еді.

1980 жылы Констатин Васильевич Хван екінші рет совхоз директоры, ал оның орынбасары В. П. Хан бекітілді.

1986 жылы Айдаров Н.

1993 - 95 жылдары Жақсылық Әлиев совхоз директоры болып сайланды

1996 - 2002 жылдан «Ақмая» ауыл ұжымын Сәрсенбек Баймағанбетов басқарды. Ауыл ақсақалдарының шақыруымен нарық қыспағынан қысылған ауылды тығырықтан шығару үшін тәжірбиелі басшы, ұйымдастыру қабілеті зор маман, зейнеткерлікте отырған Хван Константин Васильевич

2003 - 07жылдары ұжым төрағасы болып, орынбасары Асқар Жұмадилов басқарып келеді.

«Авангард» колхозының экономикасын көтеруде бас есепші болған Ли Герон, Акмолдаев Жолдыбай, Те Василий, Аширов Раушанбек, Серік Боранбаев, Жақан Сағымбаев, Сүйіндіков Мақсым, Базарбек Тастанбековтер, бас экономист Әлиев Яхия, Арысланов Төребектердің еңбектері елеулі, күндіз – түні үлестерін қосты.

18

Игі істері мол «Авангард» совхозы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін «Авангард» ауылы «Ақмая» болып өзгерді. 1973 жылға дейін ұжымшар орталығы, 1997 жылға дейін «Авангард» күріш кеңшары мен Ақмая ауылдық кеңесінің орталығы болып келді. Мұнда күріш және мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Тұрғыны 2519 адам (2009).

Бүгінде бұл ауыл Шиелі ауданындағы ең үлкен елдімекен саналады. «Ырыс алды – ынтымақ» дегендей, кәрістер іргетасын қалаған ауылда бірнеше ұлттың өкілі еліміздің экономикасын нығайту жолында ерен еңбектің үлгісін көрсетуде. БҮГІНГІ АҚМАЯ Еліміз егемендікке қол жеткізгенен кейін Ақмая ауылы танымастай өзгерді. Бүгінде «Ақмая» шаруа қожалығы жаңа техно - логия бойынша жұмыс істейді. «Казагрофинанс» арқылы жыл сайын техника түрлерін жаңартып отырады. Ауылда бір спорт кешені, амбулаториялық орталық жұмыс істеуде. Мұнда жастар өзге жерлердегідей «жерұйық» іздеп басқа жаққа кетіп жатқан жоқ. Қожалықта жастар көп. Жас отбасылар баспанамен қамтамасыз етілген, оларға басқа да тұрмыстық жағдайлар жасалған. Ауыл жыл өткен сайын гүлденуде. Шаруашылықтың ғимараты жаңадан салынып жатыр, клуб үйінің күрделі жөндеуіне 55 миллион теңге бөлінген. Клуб үйі демекші, осы клубты кезінде басшы қызметте болған Социалистік Еңбек Ері Ким Ман Сан мемлекеттік сыйақысына алған қаржыға салып берген екен.

– Біздің Ақмая – көпұлтты ауыл. Кәрістер, орыстар, беларустар мен удмурдтар, басқа да ұлт өкілдері бір атаның баласындай тату еңбек етіп, өмір сүріп жатыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, ұлтаралық достық пен ынтымақ біздің ауыл тұрғындары арасында берік орныққан.

19

Рухани жаңғыруға байланысты әр ұлт салты мен дәстүрін дамытуға байланысты шараларды жиі өткізіп тұрады, – дейді төрт жылдан бері шаруа қожалығына жетекшілік етіп келе жатқан Дәулет Жұмбеков. Қызылорда ауылшаруашылық техникумынан инженер - механик мамандығын алып шыққан Дәулет Егембергенұлы күріш шаруашылығын жетік білетін маман ретінде танымал. Алаштың анасы атанған Сыр өңірінің әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани өркендеуіне мол үлес қосып келе жатқан азамат аудандық мәслихаттың депутаты ретінде де тұрғындар көңілінен шығуда. Ана бір жылы «Сыр жанашыры» номинациясы бойынша облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолынан сыйлық алуы – осы айтқанымыздың бір дәлелі. Қоғам қашанда баянды бастамалардың басы - қасында жүретін, жаны жомарт, көңілі дархан, болмысы мәрт жандарға арқа сүйейді.

Ақмая ауылының тумасы Дәулет те осындай азаматтардың көш басынан көріне білуде. Бүгінгі таңда қожалықта 160 адам еңбек етуде. Олардың табысы да жаман емес. Мәселен, механизаторлар айына 200 мың теңге жалақы алатын болса, сушылар 70 мың теңге табыс табады. Осы ауылдың әрбір жанына 49 жылға 1, 4 гектар суармалы жер жалға берілген, жер иелері оны өз қалауларынша кәдеге жаратуда. Жұмысшыларды ынталандыру мәселесі де шешілген, әр звено жетекшісі межелеген көрсеткіштен жоғары өнім алса, оған өндірілген өнімнің 10 пайызы тегін беріледі. Мұны ақшаға шағар болсақ, 500 - 600 мың теңгенің сыйақысы болып шығады.

Күрішшілер бригадирі Гүлсім Дәрібаева үш жыл қатарынан аудандағы «Озат бригадир» атағын еншілеп келеді. Былтыр «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталыпты. Ал звено жетекшісі Сәулебек Әлтаев күріштен жоғары көрсеткішке ие болғаны үшін жеңіл автокөлік мініпті.

20

Сол сияқты осындай сыйлыққа звено жетекшісі Дүйсенбай Әлібеков те ие болған. Сейілбай Сенбеков зейнетке шыққанда сыйға «Нива» көлігін алған. Жыл сайын бес - алты зейнеткер «Жаңақорған» шипажайына тегін жолдамамен барып тұрады. Дәулет Егембергенұлы түрлі мәдени шараларға молынан қаржы бөліп отырады. Жалғызбасты жандарға, мүгедектерге, мектеп пен спортқа деген қамқорлық өз алдына. Оларға тегін күріш босатылады, шөп, көмір жағынан көмек көрсетіледі. Жинақтап айтар болсақ, өткен жылы осындай шараларға 85 742 750 теңгенің қаражаты жұмсалғанын білдік.

2015 жыл

Күріш – 10075 кг – 1511 250 теңге

Май – 850 – 297 500 теңге

Ұн – 100 – 9 000 теңге

Ақшалай – 782550 теңге

Барлығы: 2 600 300 теңге

2016 жыл

Күріш – 10 602 – 1 590 300 теңге;

Май - 1770 – 619 500 теңге;

Көмір – 31т – 558 000 теңге;

Ақшалай – 9 014 000 теңге;

Барлығы – 11 781 800 теңге;

2017 жыл

Күріш – 10 200 – 1 530 000 теңге;

Май – 740 – 259 000 теңге;

Көмір – 40т – 760 000 теңге;

Ақшалай - 83 199 500 теңге;

Ұн – 500 кг – 45 000 теңге;

Домбыра – 15 дана – 150 000 теңге;

Жаңақорған шипажайына жолдама

12 кісіге – 840 000 теңге; 21

2 бас ірі қара мал 400 000 теңге;

Барлығы: 87 183 500 теңге

2018 жыл

Ауыл Ардагерлерінен 5 кісі «Жаңақорған» шипажайына жолдама 370 000т;

3 тонна көмір Ш. Қодаманов ауылына;

Асабалар сайысына 150 000 теңге демеушілік көрсету.

Арнау айтысқа «Төрт қатарда – бір ғасыр» атты іс – шараға 320 000т.

І – топ мүгедегі Нариков Нұржанға 50 ұн, 25 күріш, 5 л ас майы, 10 рожки;

Қайтыс болған отбасыларға 100 кг ұн, 100кг күріш 20л ас майы;

1 наурыз «Алғыс айту» күніне арналған мерекеге 330 000 теңге сыйлыққа;

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекеге 330000 теңге сыйлыққа;

22 наурыз мерекесіне 205 000, 1 бас ірі қара малы, 55 кг күріш;

9 мамыр Тыл Ардагерлеріне 60 000 теңге сыйлыққа;

Мектепке «Қамқорлық» акциясына 30 000 теңге;

Спорттық жарыстарға Семей қаласына баратындарға 60000 теңге;

Спорттан жарысқа 100 000 теңге демеушілік;

Ішкі мұқтажға ауыл тұрғындарына 375кг қаулымен күріш, 70 литр ас майы;

Ауыл тұрғындарының ішінде бақташылардың

мініс аттарына 115 рулон жоңышқа шөбі;

Көктемгі көгалдандыру үшін тал көшетін ъ

сатып алуға 200000 теңге;

Талдықорғанға Республикалық жарысқа демеушілік

көрсетіп 50000 теңге;

Шаруашылық жұмысшыларының балалары тегін жазғы

тынығу лагеріне 15 бала жіберіледі – 300000 теңге; 22

Ішкі іс – шараларға 220 000 теңге ақшалай берілді

«Ауылына қарап, азаматын таны» деген қағидаға сүйене айтар болсақ, Ақмая ауылының бүгінгі тыныс - тіршілігі Дәулет Жұмбековтың бар болмыс - бітімін, ауылдастарына деген азаматтық парызына адалдығын көрсетіп тұрғандай. Әр ауылда осындай іскер де жанашыр басшы болса, тұрғындардың ештеңеден мұқтаждық көрмесі аян.

23

Қорытынды

Міне, менің аулым – нұр мекенім,

Әлдилеп, бесгімді тербеткенің

Сезбеппін – ау сезімнің менде екенін,

Білмеппін – ау, бақыттың сенде екенін.

Би билеуді үйреткен тал – тірегің,

Бір өзіңмен сезіндім – дерегін,

Жер бетінің жұмағы сен екенсің,

Сенен артық мекенім бар ма менің!

Ақмая ауылымның бұл тарихи шежіресі егеменді ел болғалы еңсемізді ерекше көтерілді, ана тіліміз, салт - дәстүріміз қайта жаңғырды Ел жаңарды, жер жасарды, дәуір өзгерді. Еліміз айлап, жылдап емес күнде көркеюде. Өркениетті, өрісі кең ел қатарына теңелеміз деген қарышты қадам, дүркіреген дәулет, бақ қонған ынтымақ көрші елдерге таңданарлық таңсыққа айналуда. Оған біз тауба деудеміз. 2050 жылға жеткізсін. Оны ұзағынан сүйсіндірсін, ол ең қомақты тарих, нағыз шежіре. Соның ішінде мақтауға да, тұрарлық ауданымыз жылдан жылға жақындап, экономикасы өсіп, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, жан сүйсіндіруде...«Бұл тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы бергі тарихи жолын ой елегіне өткізіп, кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертен кім боламыз демек. Бұл әрбір азамат туған елімнің, туған халқымның тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарихы қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата - бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз» Н. Ә. Назарбаев.

24

Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасына сүйеніп, болашаққа

қол соза отырып, ұрпақтарға ұлағат болатындай, біз сияқты жас ұрпақтар үлгі алатындай ағалар мен апалар өнегесінен кітап жазып, кино түсіріп, жыр - шежіре қалдыруда.

Қорытындылай келе мен мынадай ұсыныс айтқым келеді.

Ендеше, өңіріміздің тарихын, өнері мен мәдениетін елге насихаттау, таныстыру

- Біз сияқты жас ұрпақтар үлгі алатындай осы ауылдан шыққан атақты ағалар мен апалар өнегесін аудан бойынша насихаттау.

- Ақмая ауылының, №49 орта мектептің 80 жылдығын өз дәрежесінде атап өтуге бір ауыздан ат салысу.

- Болашақта өз мектебімде осы мектептен, ауылымыздан шыққан танымал кісілерге мұражай ашылса.

- Мектепте ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқы бар Ақмая ауылының бұрынғы кәріс, орыс, молдаван, татар, украйн, удмурт ағайындарының отбасымен кездесу өткізсе.

- Өңіріміздің тарихын, өнері мен мәдениетін елге насихаттау, таныстыру мақсатында болашақта бір кітапша етіп шығарылса.

Еліміздің өркендеу жолындағы қабырғасының бір кірпіші болып қалансақ, жұдырықтай жүрегіміз «Ауылым - алтын бесігім» деп мәңгілік лүпіл қағып тұрар еді.

25

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Қазақ энциклопедиясы» «Авангар» 1954 ж

2. О. Стамбеков «Тоғысқан тағдырлар» 1979 ж

3. К. А. Ташметов «Бір ауылдың өмірінен» 2003 жыл

4. Ақмая ауылдық әкімшілігі мен № 49 орта мектебінің мұрағаты мен мұражай ақпараттары.

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу