Ат туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 183
Жұмбақтар: 24
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 109
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 19
Туындылар: 2
Әңгімелер: 29
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 20
Эсселер: 1

Айт жеткізіп білімдіге, мұны ұғар,
Құлын ат боп, қысырақ та тынығар.
Адам өз атын кісілікпен көтереді.
Ac қадірін білмесең, ашаршылықты көрерсің,
Ат қадірін білмесең, жаяушылықты көрерсің.
Баспас ат, өтпес пышақ – жұрт айтады.
Жігітті осы екеуі қартайтады.
Ат сұраған қорлық емес,
Ер–тоқым сұраған қорлық.
Жақсы жігіттің жасын сұрама,
Жақсы аттың тісін санама.
Арғымақтың жақсысы:
Шапса – көлік, сатса – пұл.
Жалды болса – ат,
Жағалы болса – тон.
Арпа жеген ат ойнақтар.
Әдепсіз жігіт жүгенсіз атқа ұқсайды.
Жалғыз аттың шаңы шықпайды,
Жалғыз ердің даңқы шықпайды.
Елін сағынбайтын ер болмайды,
Үйірін сағынбайтын ат болмайды.
Айғыр ауырса, ат болады,
Ат ауырса, ет болады.
Алыстағының аты озғанша,
Қораластың тайы озсын.
Болар-болмас өліпті,
Ат шаптырып қойыпты.
Жарлының жалғыз аты – айғыр,
Жатып ал да қайғыр.
Атың барда жер таны,
Атаң барда ел таны.
Аты жоқтың – аяғы жоқ.
Ат шаршағанын сезбейді,
Көсе қартайғанын сезбейді.
Атың жақсы болса, алысты жақындатады.
Атың жақсы болса — жолдың жырағы,
Ұлың жақсы болса — көңіл шырағы.
Ат ерінді келеді,
Ер мұрынды келеді.
Ат туласа, есек бүлінеді.
Ат міндім деп желікпе,
Желге мініп, желіп көр.
Ат қоймайды,
Ит жалмайды.