Сөз туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 508
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 490
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 205
Құттықтау, тілектер: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 3
Эсселер: 1

Адамдар сөйлеуді жақсы көреді, бірақ айтқандарымен амал етуді, үйренген нәрселерімен тіршілік етуді тәрк етеді. 
©  Сәләма бин Динар
Қате сөйлеп, кейін өкінгеннен гөрі - тек тұрған жақсы.
 
©  Саиф Сараи
Қиын күнде қол ұшын берген - нағыз дос,Жайшылықта доспын деген - жай сөз.
 
©  Саиф Сараи
Әсіре көркемделген сөзден гөрі, қарапайым тілмен айтылған нәрсе сіңімдірек болады.
 
©  Антон Чехов
Соңғы сөз әрқашан ортақ пікірге ұласуы керек.
 
©  Наполеон Бонапарт
Мүмкін емес – бұл ақымақтардың сөздігінде қолданылатын сөз.
 
©  Наполеон Бонапарт
«Мүмкін емес» - бұл французша сөз емес.
 
©  Наполеон Бонапарт
Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп. 
©  Асан қайғы
Сөздi iске айналдыру iстен сөзге көшкеннен әлдеқайда қиын.
 
©  Максим Горький
Өз ойының дұрыстығына сенімді адамның сөзі анық болады.
 
©  Бернард Шоу
Аз сөз алтын, салмағы сезіледі. 
©  Уильям Шекспир
Аз сөздің салмағы басым болар. 
©  Уильям Шекспир
Әділ сөйлеп, адал жүр. 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Бәрін бірден істеп тастауға тырысу — ештеңе істемеу деген сөз. 
©  Георг Лихтенберг
Сөздің ең ұлысы – тарих. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, мағына жағының күштілігімен жағады. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Көп ішінде бір жалғыз,Сөйлеп те сөзі өтер ме. 
©  Бұқар жырау
Үлгісіз сөз болмайды, матасыз бөз болмайды. 
©  Бұқар жырау
Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,Әдетің - мінезіңе айналады.Мінезің - сенің тағдырың. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Тегіс тексер сөз көрсең сыр мен сынын,Түзетуге именбе - тапсаң мінін. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы