👈 қаріп өлшемі 👉

Өсиет туралы Нақыл сөздер ✍️


Мақал-мәтелдер: 5
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 43
Нақыл сөздер: 27
Туындылар: 3
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Эсселер: 2

Өсиетке терең бол,Өсек сөзге керең бол. 
—  Есей би Алдамұратұлы
"Соғыс болсын деп ешқашан қаламаймын. Бірақ егер осындай ауыртпалық басымызға түссе, Алла бермесін, сіздер және немере-шөберелеріміз бізден кем..
—  Талғат Бигелдинов
Кеуде керіп, халықты тілдемес болар.
—  Иүгінеки Ахмед
Тайып бара жатқанға таяныш бол.
 
—  Саиф Сараи
Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің.
 
—  Саиф Сараи
Айтқаныңды қайталама: алуаны да бірақ рет жейді.
 
—  Саиф Сараи
Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.Жұрт қашардай - қатты болма,Жұрт таптардай - жуас болма.
 
—  Саиф Сараи
Отты сөндіріп - қозасын қалдырма,Жыланды өлтіріп - баласын қалдырма.
 
—  Саиф Сараи
Кісінің көңіліне қара.
 
—  Саиф Сараи
Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама.
 
—  Саиф Сараи
Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.
 
—  Саиф Сараи
Адам әзіз айтар деп — көңіліңді салмағын,Нәпсі алдаушы дұшпанның өсиетін алмағын. 
—  Асан қайғы
Мен де соққы жедім деп сұм дүниеден,Көп жазым ем - оныма өкіндім мен.Ойласам: көрген бейнет, тартқан қайғы,Болыпты не біреуден, не өзімнен. 
—  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Байлық жақсы екені елге мәлім,Өзің істеп әдет қыл - келсе халің.Қолың білсе біреуге жалынбайсың,Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.  
—  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Тегіс тексер сөз көрсең сыр мен сынын,Түзетуге именбе - тапсаң мінін. 
—  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек. 
—  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Құдықты көздеуі бар жерден қаз. 
—  Құтып
Темірді жайлап иер болар. 
—  Құтып
Оқ нысанаға ғана атылады. 
—  Құтып
Гауһар жоғалмасын десең - сенімсізге сеніп тапсырма. 
—  Құтып
Үйдің іргесі берік болсын десең - қабырғасын асықпай қала. 
—  Құтып
«Хан сарайынан қашықтау жүрген жөн» деп айтады жұрт. 
—  Құтып
Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады. 
—  Майқы би

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы