Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Мен суретші сияқтымын. Тек кенептің орнына – адамдардың бет-әлпеті.
©  Владимир Кличко
Маған әр жекпе-жек оңай берілмейді. Мен 100% дайын болуым керек, ал 200% жұмыс жасаймын.
©  Владимир Кличко
Әрқашан оңай емес шыңына дейін жету. Бірақ ұзақ уақыт бойы оған қарсы тұру әлдеқайда қиын.
©  Владимир Кличко
Дон Кингті аяу, бұл аш аюды бір торда отырғанда аяуға тырысумен тең.
©  Владимир Кличко
Мен әрқашан қатал сынға қарамастан, өз жолымды жалғастыра беремін.
©  Владимир Кличко
Менің жалғыз құмарлығым бар – жеңу!
©  Владимир Кличко
Шындық деген адамды,Жаралар да тазалар.Өтірікке әйтеуірЕртелі – кеш жаза бар.
©  Шілтерханов Әдіһам
Мезгілі жетпей қыс түспес,Адамын таппай іс бітпес.
©  Шілтерханов Әдіһам
Жер – Жомарт,Бермейтіні жоқ.Көп – қырағы,Көрмейтіні жоқ.
©  Шілтерханов Әдіһам
Он ақылдыдан, бір мейірімді адам артық
©  Шілтерханов Әдіһам
Жүйрік қашса – жанатпас,Ұйқы қашса – таң атпас.
©  Шілтерханов Әдіһам
Зейіні бардың,Бәріне де бейімі бар.
©  Шілтерханов Әдіһам
Табанының бүрі жоқ,Тап бергенін қайтейін.Қасиеттің бірі жоқ,Бақ келгенін қайтейін
©  Шілтерханов Әдіһам
Білімдінің ісі ірі,Білімсіздің сөзі ірі.
©  Шілтерханов Әдіһам
Қазанаттың жолындаЖазық та бар, ор да бар.Азаматтың жолындаБақыт та бар, сор да бар.
©  Шілтерханов Әдіһам
Қанағаты жоқтанЖомарттық күтпе.Ұяты жоқтанИнабаттылық күтпе.
©  Шілтерханов Әдіһам
Бұл өмірге қожа екеніңді білсең
©  Шілтерханов Әдіһам
Жесір – уайымшыл,Жетім – пайымшыл.
©  Шілтерханов Әдіһам
Аяғыңнан сүрінсең,Тұрып кетерсіңТіліңнен сүрінсең,Құрып кетерсің
©  Шілтерханов Әдіһам
Жақсының өнегесін айтасың,Жаманның неменесін айтасың?
©  Шілтерханов Әдіһам
Тұлпар туған биенің,Шабысына мін тақпаЖарлысың деп жақсыныңТабысына мін тақпа
©  Шілтерханов Әдіһам
Жас тәуекелшіл,Қарт тәубешіл.
©  Шілтерханов Әдіһам
Беттің қызылын кетпестей көрме,Жігіттікті өтпестей көрме,Кәрілікті жетпестей көрме.
©  Шілтерханов Әдіһам
Қоспақты нарға санама,Жаманды барға санама,Өзіңді зорға санама,Өзгені қорға санама
©  Шілтерханов Әдіһам
Поэзияда әрбір ой тыңнан айтылуы тиіс. Нағыз поэзия тудыру – қиынның қиыны. Бұл мұхиттың түбінен маржан ілгенмен бірдей.
©  Мұхтар Шаханов