Бастауышпен қоштасу тақпақтар. Бастауыш сыныппен қоштасу тақпақ пен өлеңдер

Бастауышпен қоштасу, өлеңдер, құттықтаулар, тақпақтар, әндер, кароке

Құрметті бастауыш сынып оқушылары! Кеше ғана мектеп табалдырығын аттап, бүгінде 5-ші сыныпқа бара жатқан барша бастауыш сынып оқушыларын жаңа қадамдарымен құттықтаймыз!


Бастауыштан киелі,
Талай дарын түледі.
Әрбір бала өзіңді,
Есіне алып жүреді.


Жетелейді алға үміт,
Күлімдейді таң күліп.
Жол көрсеттің бізге сен,
Ұмытпаймыз мәңгілік.



Бастауыш сыныппен қоштасуға өлеңдер жинағы


Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл.


Бастауыш сынып, мектебім,
Бүгін,міне, қош дедім.
Білмей қалдық 4 жылдың,
Қалай зырлап өткенін.


Қош бол, бастауыш мектеп 4 А сынып 2020 ж


Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.


Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


Қош бол, құтты бастауыш,
Сенен оқып бастадым.
Білім бердің бойыма,
Нәр алды сенен жас жаным.


Бастауышпен қоштасу тақпақ

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 6
  1. Привет пупсик
    Привет пупсик 11.11.2022 11:34
    9 + 11 -
    Охохох
  2. Бастауыш қоштасу
    26 + 12 -
    Бастауыштың үні бұл

    Бастауыштың үні бұл,
    Жүректерді тербеген.
    Бүрін жарған гүлі бұл,
    Жанымызды емдеген.
    Жібек Искакова

    13) Сенен оқып, бастадым

    Сенен оқып, бастадым,
    Әріптерді жаңадан.
    Бастауышым рахмет,
    Түлеп ұшар бар адам.
    Жібек Искакова

    14) Бастауышым, мектебім

    Бастауышым, мектебім,
    Сенде өтті төрт көктемім.
    Сенің арқаң бастауыш,
    Беске беспен өткенім.
    Жібек Искакова

    15) Хош бол, хош бол бастауыш

    Хош бол, хош бол бастауыш,
    Берген алғаш жанға азық.
    Сенің арқаң үйренсек,
    Әріп танып, біз жазып.
    Жібек Искакова
  3. Бастауыш сыныппен қоштасу
    9 + 16 -
    Хош бол, бастауыш

    Бастауышым әрқашан нұрың жарық,
    Сен арқылы үйрендім әріп танып.
    Төрт жыл бойы өзіңнен білім алдым,
    Жас теректей шығатын бүрін жарып.
    Жібек Искакова

    7) Бастауышым

    Бастауышым таңымсың жарқыраған,
    Сенен білім алады сан мың адам.
    Түлеп биік ұшады бәрі сенен,
    Сондықтанда ең қымбат сенің бағаң.
    Жібек Искакова

    8) Бастауышым өзіңсің

    Бастауышым өзіңсің,
    Әріптерді танытқан.
    «Оқи алам» деп бүгін,
    Әлемге жар салытқан.
    Жібек Искакова

    9) Рахмет саған, бастауыш

    Рахмет саған, бастауыш,
    Сенен әріп үйрендім.
    Төрт жыл оқып өзіңде,
    Бір керемет күйге ендім.
    Жібек Искакова

    10) Мектебім сен, бастауыш

    Қолға қалам алғызған,
    Әріптерді жазғызған.
    Мектебім сен бастауыш,
    Мектепке алғаш барғызған.
    Жібек Искакова

    11) Сенен түлеп ұштым мен

    Сенен түлеп ұштым мен,
    Биік самғап жоқ уайым
    Бастауышым рахмет,
    Есімдесің әрдайым.
    Жібек Искакова
  4. Бастауышпен қоштасу
    12 + 8 -
    1) Бастауышпен қоштасу

    Хош бол енді бастауыш,
    Әріптерді үйреткен.
    Қолға қалам алдырып,
    Хат жаздырып сөйлеткен.
    Жібек Искакова

    2) Бастауышқа рахмет

    Бастауышқа рахмет,
    Әріптерді оқытқан.
    Ұстаздарға рахмет,
    Көңілге оны тоқытқан.
    Жібек Искакова

    3) Бастауышым хош бол

    Бастауыш, хош бол мектебім,
    Сенде өтті төрт көктемім.
    Оқуды біз үйрендік,
    Күлім қағып көкте күн.
    Жібек Искакова

    4) Бастауышым, мектебім

    Бастауышым, мектебім.
    Өзіңе мен хош дедім.
    Төрт жыл білім алып мен,
    Жасыл болып көктедім.
    Жібек Искакова

    5) Хош бол енді бастауыш

    Хош бол енді бастауыш,
    Берген білім біздерге.
    Ұстаздарым оқытқан,
    Алғысым көп сіздерге.
    Жібек Искакова
  5. Салібек каусар
    Салібек каусар 12.05.2022 15:50
    11 + 5 -
    Ұстазым менің сүйікті
    Біз сізді қатты жақсы көреміз
    Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз
  6. Есен
    Есен 01.10.2021 10:46
    12 + 10 -
    Спасибо большое. Рьурв л вл ьпси.аттаь прбьь рьиыь