алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Мектеппен қоштасу тақпағы



1) Хош бол менің мектебім

Күз, қыс, өтіп мінеки,
Келді соңы көктемім.
Сағынышпен оралам,
Хош бол менің мектебім.

2) Қайта айналып келгенше

Хош бол менің мектебім,
Қайта айналып келгенше.
Жаңа оқу жылында,
Сәлемімді бергенше.

3) Рахмет саған мектебім

Жылдың соңы, хоштасу,
Мектебім саған рахмет.
Жаңа оқу жылында,
Келем қайта мен іздеп.

4) Мектебім менің мектебім

Бітті міне оқу жыл,
Жылдың соңы, көктемім.
Хош бол, қайта келгенше,
Мектебім менің мектебім.

5) Қимай сені барамын

Хош бол менің мектебім,
Қимай сені барамын.
Жаңа оқу жылында,
Қайта осында боламын.

6) Мектептегі күндерім

Қандай ғажап, керемет,
Мектептегі күндерім.
Жылдың соңы демалыс,
Сыйлар жазғы күндерін.
Хош бол менің мектебім,
Жайқалған шым, гүлдерім.
Жаңа оқу жылында,
Қайта келем, білерім.

7) Мектебім менің класым

Мектебім менің, класым,
Бізді бірден ұғасың.
Жылдың соңы, демалыс,
Көңілде сен тұрасың.

8) Мұғалімге мың алғыс

Мектебіме мың алғыс,
Ордасы ол білімнің.
Мұғалімге мың алғыс,
Берген бізге ілімін.

9) Ұстаздарға мың алғыс

Берген үздік білімін,
Ұстаздарға мың алғыс.
Оқу білім бұлағы,
Мектебіме мың алғыс.

10) Жылдың соңы кеп қалды

Хош болып тұр мектебім,
Жылдың соңы кеп қалды.
Үш айдан соң келемін,
Жалғап балғын шақтарды.

11) Өзіңмен өтті бір жылым

Хош бол менің мектебім,
Өзіңмен өтті бір жылым.
Ұстаздарға мың алғыс,
Бізге арнаған бұл жылын.

12) Жаңа оқу жылында

Хош бол білім ордасы,
Қайта айналып келгенше.
Жаңа оқу жылында,
Қуанышпен енгенше.

13) Алтын ұям, мектебім

Алтын ұям, мектебім,
Білім берген біздерге.
Хош бол қайта келгенше,
Ұстаздарым сіздерге.

14) Келіп қалды жыл соңы

Хош бол менің мектебім,
Жылдың соңы кеп қалды.
Сағынатын боламын,
Мектептегі шақтарды.


15) Қайта айналып келемін

Хош болып тұр мектебім,
Қайта айналып келемін.
Жаңа оқу жылында,
Жаңаша сәлем беремін.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы