Мектеп туралы тақпақтар


Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы қып,
Өмірге азық мол сыйың,
Құшағы құтты нұрлы ұям.
Мектебім менің - өз үйім,
Санама күнде нұр құйған.




Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім.
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.



Белқопа орта мектебінің
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы

Мектебім менің мектебім
Сағынып аңсап жетемін
Мектебім сені күтемін
Сені ойлап өтемін.


Қажетті сілтемелер:



Мектебім - алтын ұям, құт босағам,
Білімге бастау алдым осы арадан
Жалықпай табасың деп сен үйреттің
Шешуін қиындықтың тосар алдан.
Мектебім - жұмбақ бағым, құтты мекен,
Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.
Анамның құшағындай елжіретер,
Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?



Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.



Мектебім - мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.




«Ақтөбе орта мектебі» ММ
3 «а» класс оқушысы
Сериков Арсен Нуркельдиевич
Класс жетекшісі: Маханова Баян Аманбаевна

Мектебім менің әдемі,
Класым керемет еді.
Мектебім анам секілді,
Маған білім береді!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Асылназ
    Асылназ 15.02.2024 22:06
    1 + 0 -
    Біз мектепке барамыз
    Тәртіпті бала боп қаламыз
    Оқуда озат боламыз
    Бәрін де сайлап аламыз
    Кілен бестік аламыз
    Оқуда озат боламыз
    Ұстаздарға баршаға
    Біз мектепке барамыз
  2. Ұлжана
    Ұлжана 26.10.2022 16:27
    15 + 19 -
    Мен 5 сыныпта оқимын. Мектеп туралы тақпақтарыңыз керемет??
  3. Ерке кз
    Ерке кз 23.05.2021 09:28
    21 + 18 -
    Мектеп уям устазменың атанам
    Сенен осып сенен ғана нар алам
    Саяң ыстықСен мауелы байтерек
    Тамырланып сан тарапқа таралған