25 Мамыр - Соңғы қоңырау (мектеп)

25 Мамыр - Соңғы қоңырау (мектеп)

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім.
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.


Пайдалы сілтемелер:



Белқопа орта мектебінің
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы


Мектебім менің мектебім
Сағынып аңсап жетемін
Мектебім сені күтемін
Сені ойлап өтемін.

Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы қып,
Өмірге азық мол сыйың,
Құшағы құтты нұрлы ұям.
Мектебім менің - өз үйім,
Санама күнде нұр құйған.


Келді соңғы қоңырау
Хош бол мектебім.
Оқу жылын бітірдік,
Күлім қағып көкте күн.
Жібек Искакова


Бүгін соңғы қоңырау,
Тербеді үні біздерді.
Жаратқаным жар болып,
Қуантсыз ұстаз сіздерді.
Жібек Искакова


Соңғы қоңырау үнімен,
Тербелеміз біз бүгін.
Ұстаздарым айтуда,
Осы жылдың үздігін.
Жібек Искакова


Келді соңғы қоңырау,
Қоштасатын сәт бүгін.
Хош аман бол ұстаздар,
Әр күн сыйлап тәтті үнін.
Жібек Искакова



Мектебім - алтын ұям, құт босағам,
Білімге бастау алдым осы арадан
Жалықпай табасың деп сен үйреттің
Шешуін қиындықтың тосар алдан.
Мектебім - жұмбақ бағым, құтты мекен,
Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.
Анамның құшағындай елжіретер,
Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?

Келеді ұстаздықты таңдап алғым
Ұстазым көңілің ақ, пейілің кең,
Дарқандығың шегі жоқ даламен тең
Әр сөзіңмен зердеме өзің құйдың
Қазақтың қасиетті даналығын.
Дамылсыз шарлап, білім ой - арманын
Өзіңнен жақын адам таба алмадым.

Ақ жұлдыздай жарық шашқан түндегі.
Нұр сәулесін төгер ұстаз жүрегі.
Болашаққа сол жүректен өт алып
Самғай берсін шәкірттердің тізбегі.

Өлкеміздің айналсын өркеніне,
Сенімдерің айналсын серперіне
Ұстаз біткен тілейді ақтарылып
Тек сәттілік елімнің ертеңіне.


Ақ жұлдыздай жарқырап,
Нұр сәулесін төгетін.
Ұстаздарға мың алғыс,
Бізге білім беретін.
Жібек Искакова


Бүгін соңғы қоңырау,
Үніменен тербеген.
Үш ай жазғы демалыс,
Кел соңымнан ер деген.


Соңғы қоңырау келді бұл,
Нұрын шашқан көктемдей.
Қуанышын берді бұл,
Көңілге жыр сепкендей.
Жібек Искакова


Бүгін соңғы қоңырау,
Құтты болсын мереке.
Қыркүйекте қауышып,
Арта берсін береке.
Жібек Искакова


Соңғы қоңырау бастайды,
Демалысқа біздерді.
Хош аман бол достарым,
Жалғап жарқын іздерді.


Бүгін соңғы қоңырау,
Ашық болсын аспаның.
Көріскенше қайтадан,
Білім күні достарым.
Жібек Искакова


Соңғы қоңырау үнімен,
Би билеген түлектер.
Биікке өрле, самғаңдар,
Орынлалып тілектер!


Бүгін соңғы қоңырау,
Құтты болсын кеп жеткен.
Ашық болсын жолдарың,
Күндер көп боп тербеткен.
Жібек Искакова


Келді соңғы қоңырау,
Үш ай жазғы демалыс.
Достар аман болыңдар,
Жақындағы, ең алыс.


Соңғы қоңырау үнімен,
Тербелеміз біз бүгін.
Соңғы вальс әнімен,
Би билейміз біз бүгін.


Хош аман бол мектебім,
Қайта айналып келгенше.
Білім күні сағынып,
Оң аяқпен енгенше.


Хош аман бол ұстазым,
Білім берген біздерге.
Бас иеміз шынында,
Шын ниетпен сіздерге.


Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.

Мектебім - мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

Тәуелсіз Қазақстан байтақ жерім,
Қуаныш құшағында бүгін елім.
Балалар аманатын алға тартар,
Жас ұрпақ алдарыңда міне, бүгін.

Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым!

«Ақтөбе орта мектебі» ММ
3 «а» класс оқушысы
Сериков Арсен Нуркельдиевич
Класс жетекшісі: Маханова Баян Аманбаевна


Мектебім менің әдемі,
Класым керемет еді.
Мектебім анам секілді,
Маған білім береді!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 12
  1. Бастауышпен қоштасу
    2 + 0 -
    1) Бастауышпен қоштасу

    Хош бол енді бастауыш,
    Әріптерді үйреткен.
    Қолға қалам алдырып,
    Хат жаздырып сөйлеткен.
    Жібек Искакова

    2) Бастауышқа рахмет

    Бастауышқа рахмет,
    Әріптерді оқытқан.
    Ұстаздарға рахмет,
    Көңілге оны тоқытқан.
    Жібек Искакова

    3) Бастауышым хош бол

    Бастауыш, хош бол мектебім,
    Сенде өтті төрт көктемім.
    Оқуды біз үйрендік,
    Күлім қағып көкте күн.
    Жібек Искакова

    4) Бастауышым, мектебім

    Бастауышым, мектебім.
    Өзіңе мен хош дедім.
    Төрт жыл білім алып мен,
    Жасыл болып көктедім.
    Жібек Искакова

    5) Хош бол енді бастауыш

    Хош бол енді бастауыш,
    Берген білім біздерге.
    Ұстаздарым оқытқан,
    Алғысым көп сіздерге.
    Жібек Искакова

    6) Хош бол, бастауыш

    Бастауышым әрқашан нұрың жарық,
    Сен арқылы үйрендім әріп танып.
    Төрт жыл бойы өзіңнен білім алдым,
    Жас теректей шығатын бүрін жарып.
    Жібек Искакова

    7) Бастауышым

    Бастауышым таңымсың жарқыраған,
    Сенен білім алады сан мың адам.
    Түлеп биік ұшады бәрі сенен,
    Сондықтанда ең қымбат сенің бағаң.
    Жібек Искакова

    8) Бастауышым өзіңсің

    Бастауышым өзіңсің,
    Әріптерді танытқан.
    «Оқи алам» деп бүгін,
    Әлемге жар салытқан.
    Жібек Искакова

    9) Рахмет саған, бастауыш

    Рахмет саған, бастауыш,
    Сенен әріп үйрендім.
    Төрт жыл оқып өзіңде,
    Бір керемет күйге ендім.
    Жібек Искакова

    10) Мектебім сен, бастауыш

    Қолға қалам алғызған,
    Әріптерді жазғызған.
    Мектебім сен бастауыш,
    Мектепке алғаш барғызған.
    Жібек Искакова

    11) Сенен түлеп ұштым мен

    Сенен түлеп ұштым мен,
    Биік самғап жоқ уайым
    Бастауышым рахмет,
    Есімдесің әрдайым.
    Жібек Искакова

    12) Бастауыштың үні бұл

    Бастауыштың үні бұл,
    Жүректерді тербеген.
    Бүрін жарған гүлі бұл,
    Жанымызды емдеген.
    Жібек Искакова

    13) Сенен оқып, бастадым

    Сенен оқып, бастадым,
    Әріптерді жаңадан.
    Бастауышым рахмет,
    Түлеп ұшар бар адам.
    Жібек Искакова

    14) Бастауышым, мектебім

    Бастауышым, мектебім,
    Сенде өтті төрт көктемім.
    Сенің арқаң бастауыш,
    Беске беспен өткенім.
    Жібек Искакова

    15) Хош бол, хош бол бастауыш

    Хош бол, хош бол бастауыш,
    Берген алғаш жанға азық.
    Сенің арқаң үйренсек,
    Әріп танып, біз жазып.
    Жібек Искакова
  2. такпак соңғы қоңырау
    0 + 1 -
    11) Түлектерге сәттілік

    Соңғы қоңырау үнімен,
    Би билеген түлектер.
    Биікке өрле, самғаңдар,
    Орынлалып тілектер!

    12) Ашық болсын жолдарың

    Бүгін соңғы қоңырау,
    Құтты болсын кеп жеткен.
    Ашық болсын жолдарың,
    Күндер көп боп тербеткен.
    Жібек Искакова

    13) Келді соңғы қоңырау

    Келді соңғы қоңырау,
    Үш ай жазғы демалыс.
    Достар аман болыңдар,
    Жақындағы, ең алыс.

    14) Соңғы қоңырау үнімен

    Соңғы қоңырау үнімен,
    Тербелеміз біз бүгін.
    Соңғы вальс әнімен,
    Би билейміз біз бүгін.

    15) Хош аман бол мектебім

    Хош аман бол мектебім,
    Қайта айналып келгенше.
    Білім күні сағынып,
    Оң аяқпен енгенше.

    16) Хош аман бол ұстазым

    Хош аман бол ұстазым,
    Білім берген біздерге.
    Бас иеміз шынында,
    Шын ниетпен сіздерге.
  3. соңғы қоңырау
    соңғы қоңырау 25.05.2023 04:00
    1 + 0 -
    6) Бүгін соңғы қоңырау

    Бүгін соңғы қоңырау,
    Үніменен тербеген.
    Үш ай жазғы демалыс,
    Кел соңымнан ер деген.

    7) Соңғы қоңырау келді бұл

    Соңғы қоңырау келді бұл,
    Нұрын шашқан көктемдей.
    Қуанышын берді бұл,
    Көңілге жыр сепкендей.
    Жібек Искакова

    8) Құтты болсын мереке

    Бүгін соңғы қоңырау,
    Құтты болсын мереке.
    Қыркүйекте қауышып,
    Арта берсін береке.
    Жібек Искакова

    9) Соңғы қоңырау бастайды

    Соңғы қоңырау бастайды,
    Демалысқа біздерді.
    Хош аман бол достарым,
    Жалғап жарқын іздерді.

    10) Көріскенше қайтадан

    Бүгін соңғы қоңырау,
    Ашық болсын аспаның.
    Көріскенше қайтадан,
    Білім күні достарым.
    Жібек Искакова
  4. сонгы конырау такпак
    0 + 0 -
    1) Соңғы қоңырау

    Келді соңғы қоңырау
    Хош бол мектебім.
    Оқу жылын бітірдік,
    Күлім қағып көкте күн.
    Жібек Искакова

    2) Соңғы қоңырауға

    Бүгін соңғы қоңырау,
    Тербеді үні біздерді.
    Жаратқаным жар болып,
    Қуантсыз ұстаз сіздерді.
    Жібек Искакова

    3) Соңғы қоңырау үнімен

    Соңғы қоңырау үнімен,
    Тербелеміз біз бүгін.
    Ұстаздарым айтуда,
    Осы жылдың үздігін.
    Жібек Искакова

    4) Келді соңғы қоңырау

    Келді соңғы қоңырау,
    Қоштасатын сәт бүгін.
    Хош аман бол ұстаздар,
    Әр күн сыйлап тәтті үнін.
    Жібек Искакова

    5) Ұстаздарға мың алғыс

    Ақ жұлдыздай жарқырап,
    Нұр сәулесін төгетін.
    Ұстаздарға мың алғыс,
    Бізге білім беретін.
    Жібек Искакова
  5. Оқырман Бека
    Оқырман Бека 24.05.2023 23:54
    0 + 0 -
    Әдемі ?
  6. Оқырман Ербол
    Оқырман Ербол 24.05.2021 08:52
    9 + 21 -
    Маған ұнамады
  7. Жанатбек
    Жанатбек 23.05.2021 13:51
    24 + 12 -
    Өте керемет екен! Маған ұнады
  8. Жанатбек
    Жанатбек 23.05.2021 13:50
    29 + 6 -
    Өте жақсы өте керемет! Маған ұнады
  9. Оқырман Елжан
    Оқырман Елжан 20.05.2021 22:38
    27 + 8 -
    Өте керемет
    1. Жанатбек
      Жанатбек 23.05.2021 13:50
      27 + 5 -
      Өте керемт
  10. Оқырман Разия
    Оқырман Разия 23.04.2021 16:58
    15 + 22 -
    Немене өңшен қиын тақпақтар. Мен 6 жасарға іздеп едім
    1. Көт беген осырақ қызы
      8 + 17 -
      Норм

Ілмектер: 25 мамыр соңғы қоңырау тақпақ, 25 мамыр соңғы қоңырау өлеңдер, мектеп туралы такпак 1сынып, мектеп ұстаз туралы тақпақтар білім, 25 мамыр сонгы конырау такпак казакша, мектеп туралы такпак, соңғы қоңырауға арналған тақпақтар, мектеп туралы тақпақ, мектеп туралы өлеңдер, такпак, казакша такпак, мектеп туралы олен шумактары, мектеп туралы олен, мектеп туралы өлең, мектеп туралы өлең шумақтары, мектеп туралы өлең жолдары, мектеп туралы тақпақтар, қазақша тақпақ, казакша олен олендер, қазақша өлеңдер өлең, олен, тақпақ, өлең, бастауышпен қоштасу тақпақ, бастауышпен коштасу такпактар такпак, мектеп туралы такпак тақпақ, мектеп туралы тақпақтар такпактар, такпактар мектеп туралы