Сый туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 38
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 38
Нақыл сөздер: 8
Әңгімелер: 5
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 1

Ұялған – қай кезде сый алған.
Сыйлап берген сірке, сатып алған балдан артық.
Жыласуға сөз жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
Атасын сыйлаған абыройға бөленер.
Сыйға сый, сыраға бал.
Өзінді өзің сыйламасаң,
Өзгеден сый дәметпе.
Сыйласаң, сый көрерсің.
Өзіңе дейінгі білімді игермей,
Келешектен сый көрмейсің.
Алтын деген жер сыйы,
Алғыс деген ел сыйы.
Жетесінде жоқ,
Жете сыйламайды.
Сыйлап берген су да тәтті.
Сынасуға жараған,
Сыйласуға да жарайды.
Сыйластық екі жаққа бірдей.