Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Аузына келгенін сөйлеу – ақымақтың ісі,Алдына келгенін жеу – хайуанның ісі
©  Самет Оқанұлы
 Қорқақтың қатыны болғанша,Батырдың жесірі бол
©  Самет Оқанұлы
Өзекті жанға бір өлім
©  Самет Оқанұлы
Ақымаққа күнде той,Ақылдыға күнде ой
©  Самет Оқанұлы
Арсызбен алысқанша,Арлымен таныс
©  Самет Оқанұлы
Тарта жесең тай қалады.Қоя жесең қой қалады
©  Самет Оқанұлы
Адамнан сұрасаң ашуланады,Алладан сұрамасаң ашуланады
©  Самет Оқанұлы
Жақсымен дос болсаң, жетесің мұратқа,Жаманмен дос болсаң, қаласың ұятқа
©  Самет Оқанұлы
Жастық кетсе, қайтара алмайсың,Қарттық жетсе, тойтара алмайсың
©  Самет Оқанұлы
Ғалым болсаң, өр болма,Өнерлі болсаң, кер болма
©  Самет Оқанұлы
Жақсының шарапаты тиер тар жерде,Жаманның кесапаты тиер әр жерде
©  Самет Оқанұлы
Жақсы туса – ел ырысы,Жаңбыр жауса – жер ырысы
©  Самет Оқанұлы
Артық байлық адамды аздырады,Артық күлкі жиреніш тудырады
©  Самет Оқанұлы
Өз қатесін көрмеген,Басқаның қатесін сезбейді
©  Самет Оқанұлы
Анаңнан асар аяулың жоқ,Әкеңнен асар қамқоршың жоқ
©  Самет Оқанұлы
Жеңілдік жарға жығады
©  Самет Оқанұлы
Жақсының сөзі – шәрбат,Шөлдегеніңде қанып іш
©  Самет Оқанұлы
 Елін сүю – ердің ісі,Елден безу – ездің ісі
©  Самет Оқанұлы
Сөз қуған пәлеге жолығар,Шаруа қуған қазынаға жолығар
©  Самет Оқанұлы
Жақсы атың "мәңгіге қалсын" десең,Сүрінгенді сүйеп қой-халық аузынан қалған,Аймкул Бидасова
©   Бидасова Айымкүл
Асыңа тойғызбасаң да, Ақ ниетіңе тойғыз.
Елі үшін сүрген ағаның,Етегін басып, жолын қу.Болайын деген баланың,Бетінен қақпай, белін бу
©  Самет Оқанұлы
Адам кейде көл, кейде шөл
©  Самет Оқанұлы
Адалдық ойласаң, бал жұтасың,Арамдық ойласаң, қан жұтасың
©  Самет Оқанұлы