Бөлім: «Нақыл сөздер»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Бұрында айтқанымдай, ең әуелі өз-өзіңе адал бол. Өзіңді өзгерте алмасаң, ешқашан қоғамға әсер ете алмайсың. Ұлы бітімгердің бәрі – білікті, адал..
© Нельсон Мандела
Егер біреумен түсінікті тілде сөйлессең, тіл табыса аласың. Ал, оның ана тілінде сөйлер болсаң, ол сені жүрегімен түсінеді.
© Нельсон Мандела
Жалғыз адам бүкіл елді азат ете алмайды. Жұмыла қимылдағанда ғана азаттыққа жетуге болады.
© Нельсон Мандела
Мені жетістігіме бола құрметтемеңдер, құлаған жерімнен қайта тұра алғаным үшін бағалаңдар.
© Нельсон Мандела
Келіссөз барысында байқағаным – өзіңді өзгертпей басқаны өзгерту мүмкін емес.
© Нельсон Мандела