Бөлім: «Нақыл сөздер»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
© Мұхтар Әуезов
Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.
© Мұхтар Әуезов
Халық деген бейшара ғой, сойыл соғысқанда бiрге соғысады, үлеске келгенде құм асайды.
© Мұхтар Әуезов
Айнымай тұтқан жолың болсын мынау -
Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.
Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр-ау.
© Міржақып Дулатұлы
Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.
Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр-ау.
Өз топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады.
© Мұхтар Әуезов
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
© Міржақып Дулатұлы
Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
Көз - Құдайдың құдіреті мен өнерін көру үшін берілген, дос-жардың айыбын көру үшін емес.
© Саади Ширази
Ең қиын үш нәрсе: Сыр сақтау, қорлықтарды ұмыту және уақытты дұрыс пайдалану.
© Саади Ширази
Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі — жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас.
© Саади Ширази
Ерлік қолдың күші де, семсерді сілтей білу өнері де емес, ерлік — өзіне-өзі ие болып, әділ болу.
© Саади Ширази
Жер жүзіндегі езілген жұрттардың бірі біздің қазақ-қырғыз екені рас болса, бұл жұртты теңгеру үшін көзін ашып, өнер-білім үйретіп, үгіт-насихат..
© Міржақып Дулатұлы