Бөлім: «Тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Тәуелсіздік күні отыз жылдығына арналған тақпақ
Аман болсын ел, жұртым, Аспаным ашық, күн күліп. Отыз жылдық азаттық, Шаттықты әуен үн қылып.
© Жібек Ысқақова
Отыз жылдық тәуелсіздік күніне
Қазақстаным айбыным, Өзіңсің менің Ай, күнім! Отыз жылдығың сыйласын, Таусылмас шаттық, байлығын!
© Жібек Ысқақова
Тәуелсіздікке 30 жыл туралы тақпақ
Абыройың асқақ боп, Жасай берші гүл елім! Отыз жылдығың құтты боп, Биіктей бер жыр елім!
© Жібек Ысқақова
Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы
Өзіңді мақтан етемін, Қазақстаным, Отаным! Құтты боп отыз жылдығың, «Жаса!» деп үн қатамын!
© Жібек Ысқақова
Тәуелсіздік күні 30 жылдығы
Елім деп соғад(ы) жүрегім, Жерім деп соғад(ы) жүрегім. Отыз жылдығың биылғы, Құтты болсын нұр елім!
© Жібек Ысқақова
16 желтоқсан, тәуелсіздікке 30 жыл
Қуан қазақ, шаттанғын, Отыз жыл азат күніңе. Әрбір күннен бақ туып, Өмір сүрейік біріге.
© Жібек Ысқақова
Еңбекті сүй
Еңбекті сүй, құрметте,Керек болар еңбек те,Еңбек етсең емерсің,Жақын болшы еңбекке
Тәуелсіздік күні 30 жылдығы құтты болсын
Қазақ елім, Отаным! Өзіңсің менің мақтаным. Отыз жылдығың құтты боп, Ата берсін ақ таңың.
© Жібек Ысқақова
Тәуелсіздікке 30 жылына тақпақ
Ғажайып Қазақстаным, Отыз жыл азат ел болған. Жалғаса берсін азат күн, Қонақжайлығы кең болған.
© Жібек Ысқақова
Тәуелсіздік күні 30 жылдығына тақпақ
Бибітшілік күн жаса, Мерейімді асырып. Тәуелсіз күнім жүз жаса, Келеңсіз күнді жасырып.
© Жібек Ысқақова
Тәуелсіздікке 30 жыл
Қуан қазақ, жайнашы, Тәуелсіз күнге отыз жыл. Бұлбұл құсым сайрашы, Әуелетіп ән мен жыр
© Жібек Ысқақова
Отаным, Қазақстан, тәуелсіз ел 30 жыл
Отаным, Қазақстан, Құтты болсын мерекең. Тәуелсіз елміз отыз жыл, Арта берсін берекең.
© Жібек Ысқақова
Тәуелсіздікке 30 жыл
Тәуелсіздігім жасасын, Отыз жылдығын тойлайтын. Азаттығым жасасын, Тамыры терең бойлайтын.
© Жібек Ысқақова
Тәуелсіздікке 30 жыл
Қаны таза қазақпыз, Тәуелсіздігіне отыз жыл. Құтты болсын мерейтой, Елімді шаттық, қылған нұр.
© Жібек Ысқақова
Тәуелсізбіз 30 жыл
Тәуелбіз отыз жыл, Құтты болсын, қазағым! Бейбітшілікті жөн еткен, Елім өзің, ғажабым!
© Жібек Ысқақова
Еңбек
Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес,Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.Түбінде баянды..
© Абай Құнанбаев
Өз халқыңа қызмет етпей...
Майда бол жігіт болсаң тал жібектей,Жарамайды қатты болу тікенектей.Білімің болсадағы ұшан-теңіз,Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
© Шал Құлекеұлы
Қазаққа пайда....
Қазаққа пайда мынау: малын бақсын,Отқа жайып, суарып, бағып-қақсын.Алдынан - мал, үстінен - үйі кетсе,Кеуек қардың үстінде қалай жатсын.
© Шал Құлекеұлы
Жаңа жыл Шыршалары
Қалып едік сағынып,Kүтіп алдық жабылып.Жолын қойдық жарық қып,Шыршаларға шам іліп