16 желтоқсан туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 84
Өлеңдер: 37
Нақыл сөздер: 6
Құттықтау, тілектер: 47
Баталар: 4
Туындылар: 2
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 41
Эсселер: 9

Тәуелсіздік тұмарым
Аялайтын күн сайын, Тәуелсіздік тұмарым. Азаттығым, бейбіт күн, Шырқап айтар жыр, әнім!
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік ақ таңым
Тәуелсіздік ақ таңым, Жанымызға дем берер. Азаттығым жасасын, Самал желдей тербелер.
©  Тәуелсіздік күні
Азаттығым жасасын
Азаттығым жасасын, Жанға қуат беретін. Тәуелсіздік жасасын, Жылына бір келетін.
©  Тәуелсіздік күні
Қайрат, Ләззат, Сабира 2
Қайрат, Ләззат, Сабира, Есімдері жүректе. Ұмытылмас батырлар, Ерлік еткен түнекте.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіз ел баласы
Тәуелсіз ел баласы, Мен боламын, қуанам. Елім үшін қазағым, Айтқаныңды құп алам.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күнінде
Тәуелсіздік күнінде, Жарқыраймыз, жанамыз. Мерекеде шаттана, Саябаққа барамыз!
©  Тәуелсіздік күні
Шаттық орнап көңілде
Он алтыншы желтоқсан, Құтты болсын кеп жеткен. Шаттық орнап көңілде, Күн көп болсын тербеткен!
©  Тәуелсіздік күні
Құтты болсын кеп жеткен
Құтты болсын кеп жеткен, Тәуелсіздік мереке. Тыныш болып еліміз, Арта берсін береке.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік сен барда
Тәуелсіздік сен барда, Шығамыз біз заңғарға. Азаттығым сен барда, Күлім қағар таңдар да.
©  Тәуелсіздік күні
Құтты болсын мереке
Құтты болсын мереке, Тәуелсіздік тұғырым. Азаттығым жасай бер, Ұзақ болып ғұмырың!
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіз ел бақытты
Тәуелсіз ел бақытты, Берер алтын уақытты. Егемендік жасай бер, Балалардың бақыты.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіз ел ғажабым
Тәуелсіз ел ғажабым, Азаттықты ту еткен. Қазақстан мекенім, Қазақтықты жыр еткен.
©  Тәуелсіздік күні
Бақыттымын расында
Бақыттымын расында, Тәуелсіздік елім бар. Азаттығы жанданған, Тыныш бейбіт жерім бар!
©  Тәуелсіздік күні
Мен бақытты баламын 5
Мен бақытты баламын, Ерекшемін, дарамын. Тәуелсіз ел барында, Бақытты боп қаламын!
©  Тәуелсіздік күні
Мен бақытты баламын 4
Мен бақытты баламын, Қолымда бар қаламым. Азаттықты бейнелер, Бойымда бар талабым!
©  Тәуелсіздік күні
Мен бақытты баламын 3
Мен бақытты баламын, Айтқан тілді аламын. Бейбіт күнде жарқырап, Шамнан шырақ жағамын!
©  Тәуелсіздік күні
Мен бақытты баламын 2
Мен бақытты баламын, Толған айдай толамын. Ербол менен Қайраттай, Мен де батыр боламын.
©  Тәуелсіздік күні
Мен бақытты баламын 1
Мен бақытты баламын, Шырқап әнге саламын. Тәуелсіздік таңында, Жұлдыздайын жанамын!
©  Тәуелсіздік күні
Он алтысы желтоқсан
Он алтысы желтоқсан, Құтты болсын қазағым. Қыдыр болып жолыңда, Тарқамасын базарың.
©  Тәуелсіздік күні
Желтоқсанның үнімен
Желтоқсанның үнімен, Тәуелсіздік таңы атты. Қайрат, Ләззат жырымен, Азаттығым тіл қатты.
©  Тәуелсіздік күні
Желбіресін көк байрақ
Желбіресін көк байрақ, Тәуелсіздік таңында. Тұрсын шырқап әнұран, Азаттықтың бағында.
©  Тәуелсіздік күні
Қайрат, Ләззат, Сабира
Қайрат, Ләззат, Сабира, Желтоқсанның батыры. Ел үшін деп үн қатқан, Ел-жұртына жақыны.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік таңымыз
Тәуелсіздік таңымыз, Шуағымен тербесін. Алауыздық үн қатып, Қиындығын бермесін!
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіз ел жасасын
Тәуелсіз ел жасасын, Желбіреріп көк туын. Ақындарым арнасын, Еліне бұл көп жырын.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік әніміз
Тәуелсіздік әніміз, Тәуелсіздік сәніміз. Құтты болсын кеп жеткен, Тәуелсіздік таңымыз!.
©  Тәуелсіздік күні