Еңбек туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 295
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 46
Өлеңдер: 131
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 148
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 6
Эсселер: 5

Журналист бар, тілшілер
Телеарнадан үн қатар, Журналист бар, тілшілер. Жана берсін еңбегің, Еңбегіңді жұрт білер...
©  Еңбек күнi
Еңбек етер күн сайын
Еңбек сүйер жандар көп, Күндіз-түні тоқтамай. Бағалансын еңбегің, Жеміс беріп, ақтап-ай.
©  Еңбек күнi
Сәтті болсын әр ісің
Сәтті болсын әр ісің, Қара жұмыс иесі. Еңбек күні жандансын, Еңбегіңнің жүйесі.
©  Еңбек күнi
Көгеріңдер еңбекпен
Жазушылар, ақындар, Игі істерге жақындар. Көгеріңдер еңбекпен, Биіктеуге қақың бар.
©  Еңбек күнi
Президенттің еңбегі
Ел алдында орасан, Президенттің еңбегі. Бар жағдайды бағамдар, Болып жатқан елдегі.
©  Еңбек күнi
Ғарышкерлер еңбегі
Бізге берер көп дәйім, Ғарышкерлер еңбегі. Еңбек берсін жемісін, Биік қойып ел сені...
©  Еңбек күнi
Еңбек сүйгіш монтёрлар
Еңбек сүйгіш монтёрлар, Құтты болсын еңбек күн. Қызыметің жанданып, Желілерді емдеп жүр.
©  Еңбек күнi
Еңбек етер кеншілер
Еңбек етер кеншілер, Жана берсін еңбегің. Қызымет қып, еліңді, Адалдықпен тербегін!
©  Еңбек күнi
Еңбектің көр жемісін
Ем жасайтын дәрігер, Көр еңбектің жемісін. Еңбек күні жалындап, Кеңейсін көп өрісің.
©  Еңбек күнi
Жансын дәйім еңбегің
Білім берер ұстазым, Жансын дәйім еңбегің. Еңбек күні шаттана, Биік шыңға өрлегін!
©  Еңбек күнi
Еңбек бастар бақытқа
Еңбек бастар бақытқа, Беріп әркез жемісін. Еңбек күні жарқырап, Кеңейеді өрісің...
©  Еңбек күнi
Еңбек күні келгенде
Еңбек күні келгенде, Бағаланар еңбегің. Еңбек етсең күн сайын, Шаттық болар көргенің.
©  Еңбек күнi
Бағаланса еңбегің
Бағаланса еңбегің, Бақыттысың әрдайым. Еңбек күні қуанып, Жарқырайсың, жоқ уайым.
©  Еңбек күнi
Еңбек етем жалықпай
Оқу білім бұлағы, Еңбекпенен келетін. Еңбек етем жалықпай, Жемісін көп беретін.
©  Еңбек күнi
Еңбек етем өскенде
Оқып білім аламын, Ерінбей мен еңбекпен. Еңбек етем өткенде, Елді еңбекпен тербеп мен.
©  Еңбек күнi
Еңбек берсін жақсысын
Еңбек еткен игі жан, Еңбек берсін жақсысын. Еңбек етсең ерінбей, Жарқырайды бағың шын.
©  Еңбек күнi
Еңбек күні жайнаңыз
Еңбек күні жайнаңыз, Көріп еңбек жемісін. Еңбек барда адамдар, Бағалайды сені шын.
©  Еңбек күнi
Еңбек біздің жанымыз
Еңбек біздің жанымыз, Жайнатқызар бағымыз. Еңбек күні қуанып, Шаттанамыз тағы біз.
©  Еңбек күнi
Еңбексіз күн қараңғы
Еңбексіз күн қараңғы, Надан қылар адамды. Тағыдырыңды ауыр қып, Түсіреді бағаңды...
©  Еңбек күнi
Еңбектен біз қашпаймыз
Оқу, білім бәрі де, Еңбекпенен келеді. Еңбек етсең, қызмет қып, Жемісін де береді.
©  Еңбек күнi
Құтты болсын мерекең
Еңбек күні бүгінгі, Құтты болсын мерекең. Еңбек сүйгіш адамдар, Арта берсін берекең.
©  Еңбек күнi
Еңбек берер жемісін
Еңбек етсең ерінбей, Кеңейеді кенішің. Еңбек күні қуантып, Сізге берер жемісін.
©  Еңбек күнi
Еңбек керек бәріне
Еңбек керек бәріне, Жету үшін табысқа. Шығам десең биікке, Еңбек еткін, қалыспа.
©  Еңбек күнi
Еңбек күні барында
Еңбек күні барында, Бағаланар зор еңбек. Еңбек етсек ерінбей, Жемістерін мол бермек.
©  Еңбек күнi
Еңбек еткен жан ізгі
Құтты болсын мерекең, Еңбек еткен жан ізгі. Еңбегіңіз жанданып, Шуақ шашсын таң ізгі.
©  Еңбек күнi