Артық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 17
Өлеңдер: 16
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 18
Туындылар: 1
Әңгімелер: 1

Алыстағы дәрияданАлдында жатқан қақ артық.Төскейдегі тұлпарданЖаныңда тұрған жабы артық. 
Асыл сөз арнап берген сыйдан артық.
Асыл сөз арнап берген сыйдан артық.
* Қазіргі кезде адамдарды берген сыйлығымен бағалап, құрметтеп жатады. Ол дұрыс емес. Себебі материалдық дүние..
©  Гүлтас Құрманбай
Бейтаныс кісіден таныс шайтан артық.
Бек алдында иіліп, көкірегін басқан қолдан,
Темір илеген білек мың есе артық.
Бармақтай бақыт қара суды теріс айналдырған ақылдан артық.
Байлардың сыйлығынан
Кедейдің сабыр еткені артық.
Аш болып тірі жүргенше,
Тоқ болып өлген артық.
Артық кетсе, түйсік түзер хал-жайды,
Ел бүлінсе, білім түзеп талдайды.
Ай жүзді әйелден
Әдемі ән әлдеқайда артық.
Артық байлық аздырар,
Артық күлкі тоздырар.
Жоқтан бары артық.
Артықты тыртық билейді.
Өз түйінінен
Өзгенің тиынын артық көреді.
Тордағы торғай
Төбедегі тырнадан артық.
Жақсы істің артықтығы – ортақтығы.
Жат мінезді адамнан
Жаныңдағы ит артық.