Білек туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 13
Өлеңдер: 9
Нақыл сөздер: 1

Бес саусақ білекке,Білек жүрекке бағынышты
©  Самет Оқанұлы
Табыстың бір ұшы білекте,Бір ұшы жүректе.
Мейірімділік жүректен,Мейірімсіздік білектен.
Баланың білегі сырқыраса,Ананың жүрегі сыздар.
Біліксіз досыңнан,
Білекті дұшпан артық.
Білек жұғысады,
Ырыс ауысады.
Білегі жуан бірді жығады,
Білімі жуан мыңды жығады.
Белдіменен тіреспе,
Білегі жуанменен күреспе.
Бек алдында иіліп, көкірегін басқан қолдан,
Темір илеген білек мың есе артық.
Білек – бір, бармақ – басқа.
Бұл білектің ісі емес, жүректің ісі.
Білек сүріндіре алмағанды,
Білім сүріндіреді.
Білегіңе сенбе, біліміңе сен.