Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
«Жамандық жасаған адам жамандық табады.»— Араб мақалы
«Жақсылық жаса – жақсылық табасың.»— Қытай мақалы
«Не ексең, соны орасың.»— Ағылшын мақалы
Қарымта қайтарылмай қалмайды. 
Кек сақтама, бірақ қарымтаны ұмытпа.
Ізденгеннің ізі қалар, іздемегеннің өзі жоғалар
Күш – білімде!Өнеге – өмірде!
©  Абдраманов Арсланбек
Өмір – ең жақсы мұғалім! Ал сен дұрыс оқысаң – ең жақсы шәкірт бол!
©  Абдраманов Арсланбек
​Білімсіз, жауапкершіліксіз жасалған іс – былық! 
©  Абдраманов Арсланбек
Өмір – сүт пісірім уақыт қана! 
©  Абдраманов Арсланбек
Неден қашсаң, соған тап боласың!
©  Абдраманов Арсланбек
Үйдегі сөз сырқа шықпасын!Сыртқы сөз үйге кірмесін!
©  Абдраманов Арсланбек
«Алғыс — көңілдің айнасы.»
©  Алғыс айту күні
«Алғыс — елдің алғысы, батаның жалғасы.»
©  Алғыс айту күні
«Жақсылық жерде қалмайды.»
©  Алғыс айту күні
«Қанағат қарын тойғызар.»
©  Алғыс айту күні
«Шүкір еткен шырайлы.»
©  Алғыс айту күні
«Рахмет айтқанның ырысы артады.»
©  Алғыс айту күні
«Бір алғыс мың қарғысты жеңеді.»
©  Алғыс айту күні
«Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі,Жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі.»
©  Алғыс айту күні
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.»
©  Алғыс айту күні
«Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас.»
©  Алғыс айту күні
Жұмыстың оңайы жоқМамандықтың жаманы жоқ