Кітап туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 18
Жұмбақтар: 34
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 63
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 135
Туындылар: 12
Әңгімелер: 52
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 4
Эсселер: 4

Қызға арналған ең пайдалы екі кітап - ананың ас үй кітабы және әкенің чек кітапшасы.
Жақсы кітаптан артық шын дос жоқ.
Кітапсыз үй рухсыз денеге ұқсайды.
Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. 
©  Әлішер Науаи
Кітап ғылым — тілсіз мұғалім.
Қарияның сөзі киіз кітаптағыдай.
Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы!
Кітап — алтын қазына.
Кітап оқығандікі,
Білім тоқығандікі.
Кітап — алтын сандық,
Іші толған қазына, құт.
Оқы, оқы, ойыңа тұт.
Кітап – алтын қазына.
Кітап - көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.
Жақсы кітап - жан азығы.
Кітапты сүйіп оқы,
Көңілге түйіп оқы.
Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім.
Кітап - алтын қазына.
Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
Күш - білімде, білім - кітапта.