Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Сіз-біз деген жылы сөз, Тірліктің ғаниметі
©  Самет Оқанұлы
“Дүниедегі ең қайырлы болмыс – ізгі әйел”. (Ибн Мәжә)
©  Самет Оқанұлы
Жақсы әйел ерінің басын төрге сүйрейді, Жаман әйел ерінің басын көрге сүйрейді
©  Самет Оқанұлы
Судан алып, суға салғандай қылып. Тамақ дәмсіз жасалғанда айтылатын еді.  
Баланы тапқан мақтан емес, баққан мақтан.  Оның бағып қағып тәрбилеуде деп. 
Жалықтырса да май жақсы,Күйдірсе де күн жақсы.
©  Түркі халықтары
Суды көрмей, етігіңді шешпе.
©  Түркі халықтары
Кəрі өгіз балтадан қорықпас.Бұл мақал адамды əдеттеніп алған ісінен тайдыруға қорқытпақшы болғандарға арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
Жалғыз қаздың үні шықпас.Бұл мақал əрқандай істе басқалардан жəрдем сұраудың қажет екенін ескертеді.
©  Түркі халықтары
Əкесі бір бірін-бірі көре алмас,Анасы бір мейірімсіз бола алмас.Əкесі бір, анасы басқа бауырлар ешқашан бірін-бірі көре алмайды. Күншілдікпен күн..
©  Түркі халықтары
Екі қошқардың басы бір қазанда піспес (қайнамас).Бұл мақал бір қалада екі бектің бір-бірімен келісіп тұра алмайтындығы, əйтеуір, біреуінің кетіп..
©  Түркі халықтары
Тойын (күнде) табынар,Тəңірдің (онда) шаруасы жоқ.(Тойын – кəпірлердің дінбасы).Бұл мақал басқаларға ұнайды деп жасаған ісі оңалмаған адамдарға арнап..
©  Түркі халықтары
Қуанышы көп болса ақырында аһ ұрар.Бұл мақал шамадан тыс шаттануға болмайды дегенді насихаттайды.
©  Түркі халықтары
Жақсы адамның сүйегі шірігенімен, аты қалар.Бұл мақал адамдарды жақсылық жасауға үндеп айтылады.
©  Түркі халықтары
Көзден алыстаса, көңілден де алыстар.(Көзден кетсе, көңілден болар ұмыт.)
©  Түркі халықтары
Сүзеген сиырға тəңір мүйіз бермес.Бұл мақал басқа кісіге зиянын тигізетін залал істі істей алмай қалған адамға арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
Ер жігітті мұң басар,Тау тұмсығын жел қағар.Бір-бірлеп мың болар,Тама-тама көл болар.Бұл мақал аз болса да əрқандай затты қабылдап алу керек деп..
©  Түркі халықтары
Құс тұзаққа жем үшін ілінер (түсер).Бұл мақал тамақ іздеп, азып-тозған адамға айтылады.
©  Түркі халықтары
Кең (тігілген) тон тозбас,Кеңесілген іс бұзылмас.Бұл мақал бір іс істегенде өзім білермендікке салынбай, үлкендермен ақылдасып, кеңесіп отыруға..
©  Түркі халықтары
Орнын таппаған тиірмен,Абайсызда жарға құларБұл мақал істі орынсыз істеген адамға арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
Іш май сұйық майдай бола алмас.
©  Түркі халықтары
Тиірменде туған тышқанКөктің (найзағайдың) күрілінен қорықпас.Бұл мақал басынан көп қиыншылықтар өткен адамды ұсақ-түйек істермен қорқытпақшы..
©  Түркі халықтары
Кемпір би білмес,– Жер тар, – дер.Бұл мақал өтірік мақтанып, нағыз іс кезінде сылтауратқыш адамдарға арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
Адамның қадірі тіршілігінде.
©  Түркі халықтары