Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жақсылық жер мен көктің арасында,Жамандық қас пен көздің арасында
©  Самет Оқанұлы
Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар,Жақсымен жолдас болсаң, несібі жұғар
©  Самет Оқанұлы
Жақсы сөз тасты жібітер,Жаман сөз басты шірітер
©  Самет Оқанұлы
Ат қадірін жоқ білмес,Ас қадірін тоқ білмес
©  Самет Оқанұлы
Аллаға жағайын десең азанды бол
©  Самет Оқанұлы
Опасыздың көпірінен өткенше,Опалының өзеніне ағып кет
©  Самет Оқанұлы
Ашу келсе, ақыл кетер,Ақылдыны ақымақ етер
©  Самет Оқанұлы
Жақсыны сыйласаң,Есінен кетпейді.Жаманды сыйласаң,Есігіңнен кетпейді
©  Самет Оқанұлы
Аллаға жағайын десең,Азаның болсын.Қазыға жағайын десең,Қазаның болсын
©  Самет Оқанұлы
Иман отқа жанбайды,Жақсылық жерде қалмайды
©  Самет Оқанұлы
 Қиыншылық – ерге егеу, езге бөгеу
©  Самет Оқанұлы
Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.Тұрпайы мінез, жат қылық – надандықтың белгісі
©  Самет Оқанұлы
Шындықтың сүйегі қатты, дәні тәтті
©  Самет Оқанұлы
Еңбек етпесең, елге өкпелеме,Егін екпесең, жерге өкпелеме
©  Самет Оқанұлы
 Күлме досқа, келер басқа
©  Самет Оқанұлы
Қанағат қарын тойғызады,Қанағатсыз жалғыз атын сойдырады
©  Самет Оқанұлы
 Құдайдан сұрағанныңекі бүйірі шығады,Адамнан сұрағанның екі көзі шығады
©  Самет Оқанұлы
Жақсының күндесі болма,шын досы бол
©  Самет Оқанұлы
Игі істер өлмейді,Ізгі істер өшпейді
©  Самет Оқанұлы
Ажалы жеткен ауырмай өледі
©  Самет Оқанұлы
Дүние бір серуен,Адам бір көшкен керуен
©  Самет Оқанұлы
Қонақтың алтынын алма,алғысын ал
©  Самет Оқанұлы
Жарлы болсаң да, арлы бол!
©  Самет Оқанұлы
Ел дегенде езіліп,Жұрт дегенде жұмылып қызмет қыл
©  Самет Оқанұлы
Дүние жиып не етерсің,Бір күн тастап кетерсің
©  Самет Оқанұлы