Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Тек жүрсең, тоқ жүрерсің
©  Самет Оқанұлы
Сүйгеніңді іздесең,Жел оңынан тұрар
©  Самет Оқанұлы
Үлкенге – құрмет,Кішіге – ізет
©  Самет Оқанұлы
 Кішіпейілділіктен кішіреймейсің
©  Самет Оқанұлы
Көзі соқырдан көкірегі соқыр жаман
©  Самет Оқанұлы
Болар елдің баласы бірін-бірібатыр дейді,Болмас елдің баласы бірін-біріқатын дейді
©  Самет Оқанұлы
Жамандықты көп қуған,Бір пәлеге жолығар.Жақсылықты көп қуған,Бақ-дәулетке жолығар
©  Самет Оқанұлы
Білімді мың жасайды,Білімсіз құр жасайды
©  Самет Оқанұлы
Жартыны жарып жеген –татулықтың белгісі
©  Самет Оқанұлы
Мезгілінде жүрмесең,мерзімді жерге жетпейсің
©  Самет Оқанұлы
Жақсы адам – ай мен күндей,Көпке бірдей
©  Самет Оқанұлы
Жақсылық суға батпас,Әйтеуір бір шығар, тегін жатпас
©  Самет Оқанұлы
Жақсылық ағаш басында,Жамандық аяқ астында
©  Самет Оқанұлы
Қадірліге халық үйір,Терең суға балық үйір
©  Самет Оқанұлы
Бейнетің қатты болса,Татқаның тәтті болар
©  Самет Оқанұлы
Берекелі ауылдың бейнеті – мейрам
©  Самет Оқанұлы
Жақсының шарапаты көпке тиер,Желдің самалы бетке тиер
©  Самет Оқанұлы
Құдайдан қорықпағаннан қорық
©  Самет Оқанұлы
Берекелі тоғайда,Басын иіп тал тұрар.Берекелі ауылда,Ақылы дана шал тұрар
©  Самет Оқанұлы
Ырысқа қарап ұл өсер,Қонысқа қарап мал өсер
©  Самет Оқанұлы
Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі,Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі
©  Самет Оқанұлы
Жақсының белгісі –Кексіз болады.Жаманның белгісі –Тексіз болады
©  Самет Оқанұлы
Өз үйіңде отыңды жақ,Кісі үйінде аузыңды бақ
©  Самет Оқанұлы
Таспен атқанды аспен ат
©  Самет Оқанұлы