Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.09.2022
176
ҚЫМБАТТАЙДЫ
Қымбаттайды,
Әлі де қымбаттайды.
Қымбаттатам-демейді,
Ым қақпайды.
Татымайтын тиынға
таңып тастап,
Түйедей ғып пұлдайды,
тырнақтайды.
Қымбаттайды,
Әлі де қымбаттайды.
Оны ойласаң – бойыңа дым
батпайды.
Қарыныңа қанжарын таяп тұрып,
Құбылады,
көзіңе құр мақтайды.
Қымбаттайды,
Әлі де қымбаттайды.
Жаныңды жер жамалған
жылдап қайғы.
Аларында – жабысып тас
кенедей,
Берерінде – сынаптай
сырғақтайды.
Көзсіз ғой ол, көздеген
арманы үшін,
Жасырады кәрі жұт жалған ішін.
Ағашын да әрісі аспандатар,
Сөз бе сенің
Ақылың, Ар, Намысың?!
Шырпыға да зәруміз,
шыныға да,
Ұлыққа да тәуелміз,
ұрыға да.
Базар барсаң –
Бәрі асыл, бәрі қымбат,
Жерде жатқан адамның
құны ғана
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇