Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
195
ЖОЛДАР, ЖОЛДАР
Жолдар, жолдар, қай жаққа алып барасың?
Жақындатып батыс-шығыс арасын.
Сағым болып жүгіреді жеткізбей,
Жоталарға жасырынған бар асыл.
Жолдар мені шақырады неліктен?
Кім біледі, қиырларда не күткен?!
Тау орапты бұлт көрпесін беліне,
Сен де сонау тараптардан келіп пе ең?
Жолдар, жолдар, жатыр енді жанарда,
Тамырымда тасып жатыр сан арна.
Шексіздікке кексіз серік шөкім бұлт,
Алақанға аңсарым боп тамар ма?!
Жолдарменен жарысатын бағана
тізбегі ғой түсіретін сабаңа.
Саған барар жол дегенім жуытпас,
Судағы айдың діріліндей ғана ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇