Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
167
Бәрін де бердім...
Бәрін де бердім,
Бәрін де көрдім,
Бәріне көндім –
Жатсың маған.
Үміт пен сенім,
Күдікпен сезім,
Үріккен кезім –
Есімде мәңгі.
Күлкі мен шаттық,
Баянсыз бақ, құт,
Алданыш ақтық –
Бәрі де жырақтады.
Сарқылған сабыр,
Тартылған тамыр,
Қазылған қабір –
Қалғаны осы ғана.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇