Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  183


Автор: Исраил Сапарбай

ШЫНДЫҚ ПЕН ӨТІРІК

Қалдырмастан нүктесі мен үтірін
Білгім келді көпшіліктің пікірін:
– Айтыңызшы ақ жарқыным, ардағым,
Өтірік пен шынның ара салмағын?
Бір-біріне ұқсап тұрса түр-өңі,
Онда оларға кімнің жібір жүрегі?
«Бір-біріне ұқсас па?» – деп шынымен,–
Екеуіне кезек-кезек үңілем.
Шындық шіркін айналғанда жалғанға,
Кім түспейді алдау менен арбауға?
Ал өтірік шындық атын жамылып,
Шыға келсе қайтер едің қағынып?
Айтыңызшы, қайсысы өмір ұраны?
Қайсысына бүйрегіңіз бұрады?
Шынымды айтсам, бірін-бірі бүлдірген
Оларды емес, Сізді ұнатып тұрмын мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу