Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  105


Автор: Ермұрат Зейіпхан

ӘКЕДЕН АЙРЫЛҒАНДА

Жасырған сені жер ме екен,
Берілгеніңде қарыспай.
Асырған ары бел ме екен,
Бәз-баяғы, қайыспай.
Айтады көңіл ел бөтен,
Қажырым қатқан қайыстай.
Жаман ем, одан кем де екем,
Тағдырдан бұққан, сайыспай.
Қор ұлың, сірә, мен бе екем?
(Қоянға ажал қамысты-ай...)
Ғұмырға шендес шер ме екен?
Қайда да жүрер қалыспай.
Көкірек қайғы көл ме екен,
Аға едің елге арыстай.
Өмірге ұлың қолды екен,
Тұрағың, Әке, алыс қай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу